Атырау, 26 сәуір 16:28
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тоқаев Каспийдегі балық аулау аумағын ұлғайту туралы заңға қол қойды

2 399 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Тілеуберди бұдан бұрын қол жеткізген конвенциялық ережелерді заң жобасына имплементациялау шеңберінде аумақтық сулардың енін 12-ден 15 теңіз миліне дейін ұлғайту; белгіленген акваторияда теңіз ғылыми зерттеулерді және су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін жүргізу тәртібін анықтайтын балық аулау аумағының төңірегінде "балық аулау аумағының режимін" енгізу; балық аулау аумағында су биологиялық ресурстар кәсібіне Қазақстан Республикасында айрықша құқықтарының сақталуын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың құзырын сондай-ақ, олардың өзара әрекеттесу ретін анықтау енгізілгенін атап өтті.

Заңның қазіргі редакциясына олқылықтар мен қарама-қайшылықты жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің күнделікті қызметтік және жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа да түзетулер енгізілу көзделген.

23 ақпан 2021, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.