Атырау, 20 сәуір 00:28
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өз көлігін қасақана ұрлатқан елорда тұрғыны полицияға ұсталып қалды

1 772 просмотра

Елорда полициясы өз көлігін айдап әкетуді ұйымдастырған азаматты ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«102» каналына елорда тұрғыны жүгініп, өткен жылы автосалоннан кредитке алған «Toyota RAV 4» маркалы қымбат көлігін белгісіз адамның айдап кеткені жайында хабарлады. 

Айдап әкету фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда белгісіз адам «Жастар» сарайы маңындағы тұрақтан көлікті айдап әкетіп, қаладан тыс шығып кеткен байқалады. 

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 53 жастағы зардап шегушінің сақтандыру төлемақысын алу және кредит төлеуден жалтару мақсатында машинасын айдап әкетуді ұйымдастырған. Қылмыстық жоспарын алдын ала ойластырған ол бір танысына көлікті айдап әкеткені үшін ақшалай сыйақы беруге уәде еткен», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Көлікті айдап әкеткен адам оны Алматы облысы аумағында белгісіз адамға сатып жіберген. 

Қазіргі уақытта көлікті айдап әкеткен адам ұсталып, жасаған әрекетін мойындап отыр. Ал көлігін қасақана ұрлатқан азаматтың үстінен жалған шағым жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қасақана жалған шағым жасау 7 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасына тартылуға әкеп соғатындығын ескертеді.

23 ақпан 2021, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.