Атырау, 12 қазан 23:13
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей чемпионатына ауысты

2 341 просмотра

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ресей чемпионатында жалғастырады. Бұл туралы ресейлік "Крылья Советов" клубы ресми мәлімдеді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

25 жастағы футболшы Абат Айымбетов жаңа командасында 9 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Әзірге оның келісімшарты қанша уақытқа жасалғаны белгісіз.

Биылғы маусымда қазақстандық шабуылшы "Қайраттың" сапында 20 мәрте алаңға шығып, чемпионаттың үздік сұрмергендігіне таласқан. Ал маусым қорытындысы бойынша 16 жылдан кейінгі үзілістен соң "Қайраттың" чемпион атануына үлесін қосты. 

Қысқы трансферлік кезеңде Абат Айымбетов Ресейдің  "Урал" командасына қаралымнан өткен. Артынша "Арсеналдан" ұсыныс болған. Алайда футболшы  "Крылья Советов" клубымен келісімшартқа отыруды жөн көріпті.

"Крылья Советов" командасы Ресейдің деңгейі жағынан екінші лигасында бақ сынайды. 26 турдан соң чемпионат кестесінде екінші орында келе жатар. 

22 ақпан 2021, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.