Атырау, 13 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды - адвокат

1 796 просмотра

Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ұзартты.

"Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты", - деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын" да айтты.

Еске салайық, Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Кураченко экс-министр үйқамақта екенін хабарлады. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

22 ақпан 2021, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.