Атырау, 24 желтоқсан 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

1 945 рет қаралды

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты құқық қорғау органдары ұстады. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.  

Бұл ақпаратқа қатысты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді. 

"Вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Сәкен Мұсайбеков 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік қызметкерлер еңбек демалысы үшін алдын ала хат жазып, жоспарлы түрде демалысқа шығады", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты пікір білдіре алмайтындарын жеткізді. 

Мұсайбеков Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы болған. Тек 2020 жылдың мамырында министрлікке қызметке келді. 

22 ақпан 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.