Атырау, 24 желтоқсан 13:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

АҚШ-тағы қазақ-полицей жекпе-жекте жеңді

2 505 рет қаралды

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кеші аясында өтті және жоспарланған алты раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ниязовқа берді.

Бұл оның кәсіпқой рингтегі 14-ші және 2017 жылдан бергі алғашқы жеңісі болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалды, содан кейін омыртқааралық диск жарығына, тағы пандемияға байланысты рингке орала алмады.

Ал 29 жастағы аргентиналық профи рингте бес рет жеңген және сегізінші рет жеңіліп тұр.

Еске салайық, Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасымен АҚШ-қа қоныс аударған.

21 ақпан 2021, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.