Атырау, 16 мамыр 00:28
 ашықВ Атырау +15
$ 441.41
€ 477.78
₽ 4.84

Тоқаев Clubhouse платформасында тіркелмегенін мәлімдеді баспасөз хатшысы

2 230 просмотра

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған аккаунттардың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын", - деп жазды ол.

Берік Уәли мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін ескертті.

Clubhouse платформасында қолданушылар тек аудио хабарламалар арқылы сөйлесетіні белгілі, ал қазіргі уақытта әлеуметтік желіге шақырумен ғана тіркелуге болады. Clubhouse Қазнетте танымал болып келеді.


20 ақпан 2021, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.