Атырау, 13 қазан 01:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстандық "ұшқыш сиыр" туралы шетелдік БАҚ-та жазылды

2 198 просмотра

Ұлыбританияның Daily mail газеті Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың сиырды кранмен жоғары көтергені туралы жазып, бұл жағдайды "Борат" фильмімен байланыстырған, деп хабарлайды sputnik.kz.

Ағылшындық басылым құрылыс нысанында түсірілген оқиғаның суреті мен видеосын жариялады.

"Сиырды кранмен көтергені "Борат" фильміндегі көріністі еске түсіреді. Құрылысшы құрбандық шалып, құрылыс үшін жақсы мамандар табуға ниет еткен", – деп жазылған басылым ақпаратында.

Еске салсақ, 15 ақпан күні Нұр-Сұлтанда құрылысшылар жаңа салынып жатқан тұрғын үйдің жоғарғы қабатына сиырды кранмен көтерген.

"Ұшатын" сиырдың видеосы әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін жергілікті полиция оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтады. Кейінірек құрылысшылардың бірі сиыр құрбан шалу үшін қажет болды деп түсіндірді. Осы әрекеті үшін ол кешірім сұрап видео жариялағанымен, сиырды соншалықты биікке көтеруге не себеп болғаны жайлы тіс жармады.

Айта кетейік, құрылыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын ескермей, жануарға қатысты қатыгездік танытқаны үшін кінәлілер Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

19 ақпан 2021, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.