Атырау, 13 қазан 01:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Түркияда Қазақстан азаматы ұсталды

3 589 просмотра

Сириядан Түркияға заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады sputnik.kz Hurriyet басылымы.

Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алды. Ақпаратқа сәйкес, ол – "қызыл" деңгейде іздеуде болған ДАИШ* мүшесі.

Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған.

С.А. есімді Қазақстан азаматы Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кірмек болған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл туралы тек ҰҚК ақпарат беретінін айтты. Комитет оқиғаның мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді.

19 ақпан 2021, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.