Атырау, 13 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Кәсіпкерлерге мобильді қосымшамен аударылатын ақшаға салық салынады

1 986 просмотра

Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады. Үкімет салықтан жалтаратын бизнесті толығымен қадағалауды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктің мобильді қосымшасы арқылы түсетін ақша аударымдарының фискализациясы мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қазір біз қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ, біздің алдымызда салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұр", - деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Бұл ретте Смайылов қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлерге берілген салық жеңілдіктері ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, вице-премьер азаматтарға арналған тегін "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын белсенді жарнамалауды тапсырды.

Биыл кәсіпкерлер үшін "Е-салық-бизнес" ақпараттық жүйесін іске қосу өте маңызды. Ол кәсіпкерлерге оңай тіркелуге, салық төлеуге және есепті автоматты режимде тапсыруға мүмкіндік беруі тиіс, деді Смайылов.

19 ақпан 2021, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.