Атырау, 13 қазан 01:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Киевте қазақстандық дипломат түсірілген видео: СІМ оқиғаны растады

1 966 просмотра

Киевте қазақстандық дипломатқа қатысты жол оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Мәселенің мән-жайы анықталған соң шара қолданылады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

"Киевте біздің елшілік қызметкерінің жол-көлік оқиғасына қатысы болғанын растаймыз және оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесі бойынша тәртіптік жазалау шаралары қолданылатынын хабарлаймыз. Біз жол ережесін бұзу туралы хаттаманы күтіп отырмыз", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 15 ақпанда қазақстандық Telegram-арналарда "шетелдегі қазақстандық дипломаттар шығарған жанжал" туралы жазба жарияланды. Жазба сипаттамасында Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері жол ережесін өрескел бұзғаны және "Зупини лося" белсенділерінің объективіне түсіп қалғаны жазылған. Қоғам белсенділері кінәліні жазалауды талап етіп, Украина мемлекеттік органдарына хат жолдады. Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлаған еді.

19 ақпан 2021, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.