Атырау, 20 сәуір 07:37
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Бітпейтін өрт: Атырау тағы түтінге оранды

Сурет Бейнежазба
3 218 просмотра

Каспий жағалауында тағы қамыс өртеніп жатыр. Соның салдарынан 11 қазанда Атыраудың тұрғындары ауадан күйіктің иісін байқады, қаланың кей жерлерін түтін басып кеткен. Жағымсыз иіс пен аспанның түнеріп кеткеніне, әсіресе, Дамбы ауылдық округінің тұрғындары көп шағымданды.

10 қазанда қамыс өртенгені туралы ТЖД ақпарат берді. Жолаушылар ұшағынан түсірілген бейнежазбада өрттің ауқымы үлкен екені байқалады. Өрттің қашан сөндірілетіні белгісіз – себебі жергілікті өрт сөндірушілерде батпақты жердегі өрт ошағына жете алатын техника жоқ.

11 қазанда қала тұрғындары тағы да жағымсыз иіс пен түтін басып кеткеніне шағымданды.

Естеріңізге салсақ, теңіз жағалауында қыркүйекте де қамыс өртенген еді. Ол кезде ресми ақпарат пен әуе космосынан түсірілген мәліметте едәуір айырмашылық болып, сәйкес келмеген еді. Сонда Шымкенттен арнайы жеткізілген тікұшақ өрт ошағына 10 рет 3 тоннадан су септі.  

Дәл осындай жағдай Атырауда бір жыл бұрын  орын алды: «Ақжайық» резерватында қамыс өртеніп, бүкіл Атырауды түтін басып кетті.

«10 қазанда түстен кейін теңіздің жағалауында батпақты жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өртің ішінде «ВАЗ-21214» көлігі мен «Фрегат» резеңке қайығы түгелдей жанып кеткен. Өртенген техниканың иесі анықталды. Өрт орнына екі техника – автоцистерна мен жол талғамайтын «Трэкол», сондай-ақ ТЖД 11 қызметкері шықты. Күн батқасын өрт сөндіру жұмыстарын уақытша тоқтатуға тура келді, себебі батпақты жермен қозғалуға мүмкін болмай қалды. Өрт аумағы анықталуда. Өрт теңізге қарай беттеді, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады Атырау облысының ТЖД.

Фархат ӘБІЛОВ 

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

12 қазан 2020, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.