Атырау, 3 мамыр 13:32
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауындағы өртті сөндіріп жатыр

3 864 просмотра

Шымкенттен шыққан тікұшақ Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

- Бүгін таңертең Шымкент қаласынан ұшып шыққан «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, - делінген ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарламасында.

Кейінірек Facebook парақшасында Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашқанын хабарлады.

Сонымен қатар, «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағы өрт аумағын бойлай ұшып жүрді. 

"Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. 

-  Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты, осыған байланысты арнайы техниканың өтуіне мүмкіндік жоқ. Өрт алаңы анықталуда, елді мекендерге қауіп жоқ, - деп атап өтті  ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.


6 қыркүйек 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.