Атырау, 3 мамыр 17:39
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Каспий жағалауында қамыс қайта жанып жатыр

3 035 просмотра

1 қыркүйекте кешкісін Каспий теңізінің батпақты жағалауында қамыс қайтадан өртенді.

ТЖД хабарлағандай, оқиға орнына Атырау облысы ТЖД-нің 3 қызметкері шығып, өрттің Атырау қаласынан шамамен 35 шақырым қашықтықта болып жатқанын анықтады.

Кейінірек ТЖД бастығының орынбасары Р. Блялов, «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Есполов және "Ақжайық" РМК өкілі тікұшақпен өрт аумағына әуеден барлау жасады. Барлау барысында үш ошақ бар екені, жанған аумақтың жалпы ауданы 2 га екені анықталды.

ТЖД ақпараты бойынша, өрттің жайылу қаупі байқалмайды.

- Өрт шыққан жерде жабайы жануарлардың өлімі тіркелген жоқ. Алдағы уақытта күн сайын өрт жағдайына жерден және әуеден барлау арқылы мониторинг жүргізілетін болады. Іс-әрекеттерді үйлестіру мақсатында Атырау облысы ТЖД басшылығы мен Ресейдің Астрахан облысы бойынша ТЖМ басқармасы арасында кеңес өтті. Каспий теңізі жағалауындағы қамысты сөндіру қатаң бақылауға алынды, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

3 қыркүйек 2020, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.