Атырау, 3 мамыр 09:31
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Каспий жағалауы әлі өртеніп жатыр. ТЖД жауабы: «Бізде ауқымды бағалаудың түрлі әдісі бар»

4 523 просмотра

Каспий жағалауы әлі өртеніп жатыр. Соңғы тәулікте 131 термонүкте тіркелді. Шамасы, өртке қарсы қызмет қауқарсыз. Өйткені, апаттың жалғасып келе жатқанына қарамастан, мұндай өртті сөндіретін арнайы техника мен құралдар жоқ.

Атырау облысында көктемнен бастап күздің соңына дейін қамыс қопасы үнемі өртенеді. Бірақ жергілікті билік тілсіз жаумен күресудің тиісті бағдарламасын немесе ең болмағанда қарсы қолданатын іс-қимыл құралдарын алмаған. Экология мен табиғаттың әл-ауқатына жауапты органдар осы өрттің аймақтың биоқоры мен экожүйесіне әсерін бағалап отырған жоқ.

Соңғы бірнеше күнде өрт Атырауға қарай жылжып келеді, анда-санда желдің күшімен түтін иісі сезіледі. Егер жел бағытын өзгертпесе, аллергиясы бар жандарға қиын болады.

«AЖ» құзырындағы соңғы түсірілім 3 қыркүйекте түсірілген. Камералар өртенген аумақтың 4127,8 гектарға дейін артқанын тіркеді. Өрт қозғалыс траекториясын өзгерткендіктен, «Ақжайық» қорығындағы өрт ауданы өзгерген жоқ - сол 189,1 га. Естеріңізге салсақ, Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі (балық қорғау) аумақтық инспекциясының, «Ақжайық» МТР әкімшілігінің және облыстық ТЖД-нің бірлескен комиссиясы өрттен зардап шеккен 10 га жер туралы ақпарат жариялады - бұл аэроғарыштық түсірілім көрсеткеннен жүз есе аз. Бұл ведомстволар да, облыстық әкімдік те апаттың шынайы ауқымы жасырылғаны туралы біздің жарияланымға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Қосымша. Осы материал «AЖ» бас редакторына түскеннен кейін жарты сағат өткен соң, Атырау облыстық ТЖД «Каспий жағалауындағы өрттің шынайы ауқымын неліктен жасырып отыр?» деп аталатын алдыңғы жарияланымға өз түсініктемесін жариялады. Осы мәтінді оқып, өздеріңіз төрелік етіңіздер.

"3 қыркүйекте түрлі республикалық және облыстық басылымдарда Каспий теңізінің жағалауында құрғақ шөп пен қамыстың өртенгені туралы ақпарат жарияланған болатын.

Сонымен, облыстық «Прикаспийская коммуна» және «Ақжайық» газеттерінің мақалаларында тікелей «... мыңдаған гектар жер өртеніп кетті» делінген. Бұл ретте, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ақпаратына сілтеме жасалған, қамыстың дәл жанған кезіндегі тікелей әуе мониторингін (ұшу барысында) бағалауы ескерілмейді. Осылайша, газеттерде жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ мамандары мен Төтенше жағдайлар департаменті өрттің ауданын бағалау үшін әртүрлі әдіс қолданатындығын ескерген жөн деп санайды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ғарыштық мониторингінің көмегімен жасалған кескіндерді қолдана отырып, жану аймағы туралы жалпы мәліметтерді біріктіреді, онда бұрын өртеніп кеткен жерлер де есепке алынады.

Департаменттің 2 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарына берген ақпараттарында,  жанған нақты аймақты  «Казавиаспас» тікұшағымен әуе барлауы кезінде республикалық және жергілікті телеарна өкілдерінің тікелей қатысуымен визуалды тексеру арқылы есептелген өрттің аумағы көрсетілген болатын. 

Сондай-ақ, қамыстың жануы сулы-батпақты жерде немесе өту үшін қол жетімді жол жоқ жерде орын алғандықтан, әуе барлауы кезінде арнайы өрт сөндіру техникасы өртті сөндіру үшін өрт оқиғасы орнына тікелей жете алмайтындығы анықталғанын ескеру керек.

Сондықтан мұндай жағдайда жер үсті көліктерін пайдалану мүмкін болмады.

Алайда бұл жағдайға қарамастан, 3 қыркүйек күні сағат 10:15 бастап Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жаяу барып өртті өшіру жұмыстарын жүргізді.  

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың шөгінділері біркелкі емес, әрине, қамыс өспейтін шағын учаскелер де бар, бірақ негізінен бұл аймақтағы қамыстың биіктігі 3 метрге жетеді.

3 қыркүйекте жалынның таралуына ықпал еткен қатты желді де ескеру қажет. Түн қараңғы болуына байланысты 4 қыркүйек күні таңертеңге дейін сөндіруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Таңертең олар қайтадан өрт орнына аттанды.

Өрт шамамен 170 га жерде жанып жатыр, сондай-ақ, "АқЖайық" республикалық табиғи резерватының дерегі бойынша олардың аумағында жанған алаң 5 га құрайды, қалған жанған бөлігі Кеңөзек ауылдық округіне тиесілі.

Өрт сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен – 5 бірлік арнайы автотехника және 25 қызметкері жұмылдырылып, 17 сапалақ пен 8 дана аспалы өрт сөндіргіш пайдаланылуда. Сондай-ақ, "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватынан - 3 бірлік техника және 15 қызметкер, "Атырау облысы Су Арнасы" РМК-нан-1 бірлік техника және 1 қызметкер, 3 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру құралымы жұмылдырылды. 

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, елді мекендер үшін қауіп жоқ.

Атырау облысы ТЖД

4 қыркүйек 2020, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.