
Каспий жағалауында қамыс қайтадан жанып жатыр. Бұған дейін 22 тамызда өрт тұтанып, ол Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының растауынша, 26 тамызда сөндірілген еді. Аумақтық инспекция мен ТЖД арасында мақұлданған мәліметтер бойынша өрттен зардап шеккен жердің жалпы аумағы 10 га – Алғабас пен «Ақжайық» резерватында әрқайсысы 5 га-дан. Ал «AЖ» мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш жүз есе азайтылған.
Менің қолыма белгілі бір топқа арналған қызықты материал түсті - бұл спутниктен түсірілген өртенген аумақтың аэроғарыштық кадрлары. Елордада бұл түсірілімдерге кімнің тапсырыс бергенін нақты білмеймін. Менің ойымша, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі шығар, өйткені орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі соларға қарайды. Бірақ бұл кадрлардың ілеспе анықтамасында мүлдем басқа цифрлар жазылған. Бұл жерде екі нәрсенің бірі - спутниктегі техника дұрыс емес не біреулер өтірік айтады. Өздеріңіз төрелік етіңіздер:

23.08.2020 – өртенген аумақтың жалпы ауданы 2587,5 га. «Ақжайық» МТР аумағындағы өртенген аумақтың ауданы 189,1 га.

24.08.2020 - өртенген аумақтың жалпы ауданы 3225 га. «Ақжайық» МТР аумағындағы өртенген аумақтың ауданы 189,1 га.

31.08.2020 - өртенген учаскенің жалпы ауданы 3670,7 га.
Естеріңізге салсақ, табиғат қорғаушы жергілікті органдар 10 га деп есептеді - бұл 367 есе аз.
Бұл жағдайда бастапқыда жануарлар дүниесі өрттен зардап шеккен жоқ деген аумақтық инспекцияның мәлімдемесі күмән туғызды. Бірақ тәжірибелі аңшылар аңның да, қанаты қатайған құстың да өрттен аман қалатынын айтып отыр. Өрттің көктемде - құстың ұя салатын кезінде емес, қазір болып жатқанына шүкір. Әйтпесе, жануарлар әлеміне көп зиян келер еді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
«AЖ» оқырмандары жолдаған суреттер мен бейнежазба
В Атырау +3