Атырау, 6 желтоқсан 21:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қырғызстандағы тәртіпсіздік: митингіге шыққандар алтын кен орындарын басып алды

2 852 рет қаралды

Қырғызстанда митингіге қатысушылар тау-кен өнеркәсібінің бірнеше кәсіпорнын басып алды. Бұл туралы компания өкілдері мен Желі қолданушылары да айтты, - деп хабарлайды tengrinews 24.kg сайтына сілтеп.

Талас ауданындағы Джеруй кен орнында белгісіз біреулер қойманы тонап, алтын шығаратын фабриканың ғимаратын өртеп жіберді.

Сондай-ақ, басылым хабарлауынша, жергілікті тұрғындар Джамгыр алтын кеніне шабуыл жасаған, екі зертхана қызметкері ғимаратта өздерін қоршауға алған.

Сонымен қатар, барлық қызметкер Терексай кен орнынан қуылғаны туралы хабар тарады. Кичи-Чааратта жергілікті күзетшілер құрылды.

6 қазан 2020, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.