Атырау, 25 қараша 22:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанның ОСК парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды

2 525 просмотра

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды. Бұл туралы ОСК мүшесі Гүлнәр Жорабаева хабарлады sputnik.kz.

"Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады", - деп жазды ол Facebook-те.

Қырғызстандағы парламент сайлауы

4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. 16 партияның өкілдері жетінші рет шақырылған Жогорку кенештің депутаты мандатына таласты. Жалпы республикада 2430 сайлау учаскесі ашылды, тағы 45-і шетелде жұмыс істеді. 3,5 миллионнан астам сайлаушы тіркелді.  

Төрт партия 7 проценттік межеден өтіп, Жогорку кенештен орын алды:

  • "Биримдик" - 24,54% дауыс және парламенттегі 46 орын;
  • "Мекеним Кыргызстан" - 23,92% дауыс және 45 орын;
  • Кыргызстан – 8,75% дауыс және 16 орын;
  • "Бутун Кыргызстан" -  7,1% дауыс және 13 орын.

Айқын көшбасшылар – "Биримдик" (Бірлік) және "Мекеним Кыргызстан" (Отаным Қырғызстан) партиялары.   

6 қазан 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.