Атырау, 29 наурыз 06:43
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Таубаев пен Басаров тергеу абақтысына қамалды

4 118 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, сот 10 қыркүйекте ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур БАСАРОВҚА 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Олар тергеу абақтысына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша тергелуде.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда оларға параның 80 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу немесе мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Айта кету керек, дәл осы күні Таубаев Түркістанға іссапармен ұшуы керек болатын. 

Фархат ӘБІЛОВ

14 қыркүйек 2020, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.