Атырау, 27 сәуір 03:03
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Интернет ұстау үшін шатырға шыққан". Мусин Атырау облысындағы жағдайға пікір білдірді

Бейнежазба
3 416 просмотра

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Интернетке байланысты шатырға көтерілген оқушы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

"Әлеуметтік желілерде нақты бір елді мекенде Интернет жоқ, оқу мүмкін емес, адамдар сол үшін үйдің төбесіне шығады деген және басқа да ақпарат тарады. Ия, түсінеміз, біз бүкіл республика бойынша Интернетпен мәселені бір күнде шеше алмаймыз. Бірақ, мысалы, бұл жағдай Ескене ауылында (Атырау облысы) болған, онда тұрғындар саны өте аз", - деді Мусин ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, бұл оқушы жақын маңдағы интернатта білім алуы керек еді, онда қашықтан оқу жоқ.

"Онда күндізгі білім беру бар. Қалған барлық бала интернатта күндіз оқиды. Бірнеше адам күндізгі оқудан бас тартты. Мұндай жағдайда, әрине, біз ең жақын теміржол станциясынан Интернет тартамыз", - деді ол.


10 қыркүйек 2020, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.