AZATTYQ.ORG. - "Қайықтағы өрт, "Жеңіс күніне" билеу, секс дауы және "қазақ байларының" яхтадағы хикаялары" - Батыс басылымдары осы аптада Жерорта теңізіндегі өртке оранған яхтадан аман қалған қазақстандықтар туралы жазды. Ақпарат құралдары өрт кезінде қымбат яхтада кімнің болғанын анықтауға тырысты. Британ басылымында Қазақстанда металл өндірумен айналысатын Александр Машкевичтің яхтасы туралы да ақпарат шықты. Машкевич теңізде демаламын деп БАҚ бетіне осыған дейін де шыққан. Яхтадағы демалысымен көзге түскен өзге де адамдар бар.
"Пандемия сөз қууға шебер екенімізді көрсетті". Індет қазақ қоғамына қалай әсер етті?" - Коронавирус эпидемиясы Қазақстанда салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа айтарлықтай өзгеріс әкелді. Азаттық түрлі саладағы сарапшылардан, белсенділерден пандемияның қоғамға қалай әсер етіп, қандай сабақ бергенін сұрады.
"Белоруссиядағы наразылықтың 22-күні қалай өтті?" - 30 тамыз күні Минскіде 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін басталған наразылықтың 22-күні өтті. Бастапқыда полиция қала орталығындағы негізгі көшелерді жауып тұрды, бірақ кейіннен шегініп, шерушілердің жүріп өтуіне жол берді. Дегенмен жүздеген адам қамауға алынды.
"Президенттік мерзімін шегерудің (ұзартудың) "шебері". Рахмон Назарбаевтан оза ма?" - 28 жыл бойы билікте мызғымай отырған Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон күзде өтетін президент сайлауына тағы да кандидат ретінде ұсынылды. Оның бұған дейінгі президенттігі несімен есте қалған еді?
QAMSHY.KZ. "Трамп әкімшілігінің шенеунігі қызметкерлерді қазақтың қамшысымен қорқытқан" - Трамп әкімшілігінің шенеунігіне қазақтың қамшысын қолданып, қол астындағыларға "зорлық-зомбылық жасағаны" үшін шағым түскен. "Қамшы" тілшісі The Washington Post басылымының дерегін негізге ала отырып, Трамп әкімшілігіндегі этикет пен хаттамаларға жауапты ішкі бөлімшедегі қызметкерлер кейбір құқықбұзушылықтар үшін шағымданғанын хабарлайды. Шағымдар туралы баяндаманы мемлекеттік департаменттің ішіндегі бақылаушылар (Watchdog) жариялаған.
ZHASALASH.KZ. "Тоқырау тағы тобықтан шалмақ" - Бүгінде бірқатар сарапшылар ел экономикасына қатысты түрлі болжамдарды айтып қалады. «Алдағы бес жылда Қазақстан экономикасы кері кете бастайды. Тіпті 90-жылдардағы тоқырауды қайта бастан кешеміз» дейтіндер де баршылық. Мәселен, өткен аптада Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшылары «алдағы бес жылда Қазақстанның мұнайынан түсетін түсім азайып, өмір сүру деңгейі төмендеп, халықтың тапқан табысы кеміп, экономика құлдырайды» дегенді ашып айтты. Ал мұндай болжамдар шындыққа жанаса ма?!
"Сынақ зардабын тартқандар зары сырғып түсе бере ме?" - Тамыздың 29-ы – семейліктер үшін өте маңызды дата. Бұл кезде мызғымайтындай көрінген кеңестік империя келмес күндерге аттанып, тәуелсіздік деген тәтті ұғым қазақ баласының көкейіне берік беки бастаған болатын. Тап осындай қайталанбас тарихи қадамға сеп болып қазақ даласында бейбітшілікпен қатар адам денсаулығына зиянды алапаттың да аузына құм құйылғаны белгілі болған.
"«Қазақстан қартайып барады» Үкімет мұны сезініп отыр ма?" - Жуырда ың-шыңсыз, дабырасыз сенаттағы 17 депутатты қайта сайлау маусымы өтті. Сайлаудан кейін сарапшылар да, саясаттанушылар да, саясаттан хабары жоқтар да өз пікірлерін ортаға салды. Көпшілігінің ойы «сенатқа үкімет шал-шауқандарды жиып алды» дегенді меңзеді. Сол-ақ екен, «Қазақстанның заң шығарушы құрылымына сенат керек пе? Себебі қазіргі сенат ылғи қариялардан құралған» деген пікірлер қызу талқыға түсті.
INFORMBURO.KZ. "Еңбекақыдан жеке табыс салығын төлемеу үшін не істеу керек?" - Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасының бірі жұмыс орнынан алатын жалақыдан ұсталатын жеке табыс салығынан босай алады.
"Мұғалім құқығын қорғауға кім жауапты? Министр түсіндірмесі" - Мұғалімдердің құқығын қорғау – жергілікті аумақтық орган басшыларының да, мектеп директорларының да тікелей міндеті.
AIKYN.KZ. «Келісімшартты оқымай, қол қоя салады» – заңгер депозиттегі ақшаның жоғалатын себептерін түсіндірді" - Қаражатты банкте сақтаған тиімді. Алайда кейде депозиттегі ақша да із-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін.
"Блогерлердің табысы қанша?" - Әлеуметтік желі жарнама нарығының жаңа дәуірін қалыптастырды. Оқырман саны, пікірлер мен «лайктардың» көлемі артқан сайын жарнамадан түсетін табыс та еселене бермек. Әлемге аты әйгілі Криштиану Роналдудың 237 млн оқырманы бар. Кейбір деректер бойынша бұл оқырманның 30%-ы жалған аккаунт екені анықталған.