Атырау, 26 сәуір 08:35
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алғашқы 16 сотталушы босатылды

1 310 просмотра

Қылмыстық заңнаманың ізгіленуі кішкентай ғана рақымшылық деп аталды. Өткен аптада 66-шы колониядан алғашқы 16 сотталушы еркіндікке шығарылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18-ші қаңтарда елбасы «Қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерді күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Бұл заң қылмыстық заңнаманы ырықтандыруды, қоғамға үлкен қауіп тудырмайтын қылмыстарды қылмыс деп танымауды – оларды әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруды қарастырады

№2 қалалық соттың судьясы Зәуре ҚАЗАҚБАЙДЫҢ айтуынша, өзгерістер ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстың жазасын қарастыратын Қылмыстық кодекстің 70 бабына қатысты орын алған. Мәселен, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» (105-бап), «Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде сатып алу немесе сақтау» (259-баптың 1-тармағы), «Абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықта зиян келтіруге әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу» (296-баптың 1-тармағы).

«21 ақпанда 66-колонияда жазаларын өтеп жатқан,  259-баптың 1-тармағы бойынша сотталған 16 тұлғаға қатысты 16 материалды қарадық. Олардың барлығы да босатылды. 259-бап бойынша жазадан босатылған тағы бір адам тонағаны үшін шартты мерзімде жазасын өтей бастады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Қылмыс деп танылмаған баптар бойынша тергеу жүргізіліп жатқан тұлғаларға қатысты істі қылмыстық қудалау органы тоқтатуға міндетті», - деп түсіндірді судья. 

Республикалық ақпараттық агенттіктер хабарлағандай, осынау ел ауқымындағы рақымшылық бес мыңдай сотталушыға қатысты екен. Олардың бір жарым маңдайы босатылатын болады.

Лев ГУЗИКОВ

2 наурыз 2011, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.