Атырау, 18 желтоқсан 17:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​"​Тоқаевтың 300 кадры: "Жемқорлар рухын" жықпайтын жылпостар ма?​". "Сайлаудан кейінгі бір жыл. Тоқаев Назарбаевтың көлеңкесінен шыға алды ма?​". "Қорғаныс министрі отставкаға неге кетпеді?​". Трамп дәуіріндегі» АҚШ-тың Азиядағы ықпалы​".

4 296 просмотра

AZATTYQ.ORG"Айыппұл салып, қазынаны толтырмақ". Министрлікте түнеген бірнеше әйел "сотқа тартылды" - Министрлер үйінің алдында наразылық білдіріп, екі күн түнеген әйелдерді 10 маусым таңертең қорғаныш киімін кигендер күштеп әкетті. Наразы әйелдердің бірнешеуі өздеріне онлайн сот өтіп, айыппұл алғандарын айтты. Кейбіріне сот енді өтпек.

«Сайлаудан кейінгі бір жыл. Тоқаев Назарбаевтың көлеңкесінен шыға алды ма?» - Былтыр өткен ерте президент сайлауының ресми жеңімпазы деп жарияланған Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президенттің сөзінен аса алмайтын, екінші пландағы актер болады деп топшылағандар Қазақстанда да, шетелде де көп еді. Елді 30 жылға жуық басқарған бұрынғы президент өз адамын орнына қалдырудан басталған қазақстандық "билік транзитінің" бір жылы нені аңғартты?

«"Тоқаев, талабымызды орындаңызшы!" Полиция министрлік алдында түнеген наразы әйелдерді әкетті» - Нұр-Сұлтанда жиырмаға жуық көп балалы әйел маусымның 8-і күні Министрлер үйіндегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдында билікке талаппен "үнсіз наразылыққа" шығып, сол жерде екі күн түнеді. Оларды маусымның 10-ы күні полиция әкетті.

«Беларусьтегі "Тәпішке революциясы". Лукашенкоға қауіп төнді ме?» - Беларусьте мыңнан астам адам қолдарына тәпішке ұстап, наразылық шарасына шықты. Елге танымал блогер "Стоп, тарақан!" деген слоганмен жұртты "жәндікті мыжуға" шақырды. Олар "жәндік" деп алтыншы рет сайлауға түскісі келетін қазіргі президент Александр Лукашенконы атайды.

ZHASALASH.KZ. «Коронавирус: шындық пен сұмдық» - Наурыздың басында «наконец-то» деп күтіп алған аты жаман дерт  күн санап шарықтап өсіп, үш айдың ішінде 13 мыңға жетіп қалды. Біртанов айтпаса білмейді де екенбіз, біз бәріміз карантинде жатқанда аурудың екінші кезеңі басталып кетіпті. Алайда осы дерттен көз жұмғандар саны 50-ден асып жығылса да, соның өзінде күні бүгінге дейін «бұл саясат» деп, дерттің бар екеніне сенбейтіндер де жетіп жатыр. Оған не себеп?

«Бағынбайтын «бағынышты». Қорғаныс министрі отставкаға неге кетпеді?» - Естеріңізде болса, Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы бастығы Марат Есенов 200 мың теңге пара алғаны үшін ұсталған. Жуырда (2020 жылдың 4 маусымында) пара алған шенеунікке қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Үкімге сай, Есенов 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, сонымен бірге ол полковник шенінен айырылды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынды.

 ZAKON.KZ. «Тоқаевтың 300 кадры: "Жемқорлар рухын" жықпайтын жылпостар ма?» - Отыздың үстіндегі буын да әзір әрі-сәрі күйде. Әрі қарай не істеу керектігін білмейміз.Саясат Нұрбектің "біз жоғалған буынбыз" дегенінен шығады. Ілкіде Тоқаевтың емеурінімен 300 үздік кадр іріктелді ғой. Солардың арасынан бір Саакашвили шыға ма деп ерінбей-жалықпай біразының портфолиосын ақтарғаным бар, дейді желіде журналист Думан Бықай.

«Бір отбасы несиесін өтесе де, кепілдегі үйі сатылып кетті» - Соттан әділдік таппаған азамат Президенттен араша сұрайды. Несие алып, оны процентімен өтесе де, баспанасынан айырылған Елорда тұрғыны сот шешімімен келіспей, Жоғарғы сотқа дейін барып еді. Ол жақта да қолдау таппады. Енді соңғы үміті мемлекет басшысында. Ал қазылардың алдында оның құқығын қорғаған адвокат мұндай сорақы шешімнен кейін заң саласынан кетуге дайынмын деп отыр.

QAZAQTIMES.COM. «Кеше Сирия – бүгін Ливия: Кімге не керек?» - Пандемия көптеген елдерге әсер еткенімен, Ливиядағы атыс-шабысты тоқтата алмады. Елде қазір екі билік өмір сүріп жатыр және сол екі биліктің де артында әлемдік, аймақтық державалар тұр. Сүрия жерінде қарама-қайшы күштерді қолдап жаға жыртысқан түрік пен орыс билігі енді Солтүстік Африкада кездесіп отыр. Түркия БҰҰ ресми үкімет ретінде мойындаған Ливия Ұлттық бірлігін қолдаса, Ресей қарулы күштерінің тарабында.

«Трамп дәуіріндегі» АҚШ-тың Азиядағы ықпалы» -  Солтүстікамерикалық үшжақты комиссияның – саяси және іскер көшбасшылар, ғалымдар мен журналистердің кездесуінде АҚШ-тың Азиядағы ықпалының төмендей бастағаны жайлы пікірлер айтылды. Дәл осы тақырып жөнінде бірнеше сараптама, гипотезалар айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі уақытта әрбір азиялық елдің Америкадан гөрі Қытаймен сауда-саттық, дипломатиялық байланыс пайызының жоғары екенін ескерсек, 45-ші президент Дональд Трамп тұсында Құрама Штаттарының Азиядағы лидерлік бағыты құрдымға кетті деп есептейтіндер, бұған алаңдаушылық білдіретіндердің көбеюі қалыпты. Осы мәселе жөнінде және Азиядағы «Трамп эпохасы» жайлы Гарвард университетінің профессоры, саясаттанушы Джозеф Найдың мақаласына зер салайық.

"АҚШ полициясын реформалау ұсынылды" - Демократтар Джордж Флойдтың өліміне байланысты Конгреске полицияны жаппай реформалауға бағытталған заң жобасын ұсынды.

12 маусым 2020, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.