Атырау, 29 наурыз 07:36
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қажыгелдин: «Назарбаевтың демалысқа шығуын талап ететін уақыт келді". "Ғалымжан Жақиянов: Тағайындалған әкімді халық та қорғап қала алмайды". "Қазақстанның екінші Ұлттық қоры оффшорларда жасырылған".

15 919 просмотра

ADYRNA.KZ. - "Қажыгелдин: «Назарбаевтың демалысқа шығуын талап ететін уақыт келді»" - Бүгінде саяси эмиграцияда жүрген Қазақстанның 1994-97 жылдарғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин елдегі саяси-экономикалық дағдарысқа байланысты ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған екен. Коронавирус індетіне қарсы жарияланған карантин мерзімінде – бір жарым ай көлемінде газеттің шығуы шектелуіне байланысты экс-премьердің бірнеше бастамасын осы нөмірде топтап жариялауды жөн көрдік деп жазды Ермұрат Бапи өзінің Фейсбук парақшасында. Соның бірі – Қажыгелдин мырзаның президент Тоқаевқа жолдаған төмендегі хаты.

«Қазақстанның екінші Ұлттық қоры оффшорларда жасырылған» - Саясаттанушы, Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев элиталарды ығыстыру тақырыбын талқылауда.

«Ғалымжан Жақиянов: Тағайындалған әкімді халық та қорғап қала алмайды» - Ғалымжан Жақияновтың әр басылымға берген сұхбаттарынан үзінді.

AZATTYQ.ORG«АҚШ-тың бас прокуроры "Обамагейттің" келешегіне күмән келтірді» - АҚШ-тың бас прокуроры Уильям Барр федералды прокурор Джон Дарем жұмысының қорытындысы бойынша бұрынғы президент Барак Обама мен бұрынғы вице-президент Джо Байденге қарсы қылмыстық іс қозғаларына күмән келтірді.

"Біреуге - қайғы, біреуге - пайда". Синтетикалық есірткі саудасын қалай жоюға болады?» - Қазақстан билігі синтетикалық есірткі саудасы үшін жазаны күшейтуге тырысқанымен, оны саудалайтындар тыйылар емес. Сарапшылар синтетикалық есірткіге қарсы күрес тиімді жүргізілмейді деген пікірде. Олар бұл мәселені есірткі тұтынуға әкелетін себептерді жою арқылы шешу керек деп санайды.

«Ресей журналисі Соловьевқа қарсы петицияға 200 мыңнан астам адам қол қойды» - Тележүргізуші Владимир Соловьевті "Магнитский тізімі" бойынша Еуро одақ пен АҚШ аумағына кіруге тыйым салуды қолдап, Италия азаматтығын беруге қарсылық білдірген петицияға 200 мыңнан астам адам қол қойған. Петиция Change.org платформасында жарық көрген.

STAN.KZ. «Сұлтанқызы: Жұбайымның өткенін құрметтеп, балаларымен араласамын» - Көп адам 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шыққан Ләйлә Сұлтанқызын айрандай ұйыған отбасының шырқын бұзды деп айыптап, оның қазіргі таңда балаларын әкесіз асырап жатқанын айтқан-ды. Тележүргізуші мұндай өсек сөзге керең болуды құп көрмей, бар сұрақтың нүктесін өзі қойды.

«Ең бай қытайлық атағынан айрылған Джек Ма тағы бір қызметінен кетті» - Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Жапонияның SoftBank телекоммуникациялық компаниясының директорлар кеңесінен кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

NEGE.KZ. «Жеңілген елдің бүгінгі бейнесі" - Немістер Кеңес әскерлерінің Рейхстагты алуға неге соншалықты зор мән-мағына бергенін түсінбейді. Олардың ойынша, Рейхстаг – Гитлердің кеңсесі емес, халық өкілдері бас қосып, кеңесетін ғимарат. Фашизм дегенді де түсінбейді. Фашизм Италияда болған деп қысқа қайырады. 9 мамырды (оларша 8 мамыр) осы режимнен құтылған күн деп біледі. Немістер үшін бұл күн – Дрезден секілді сәулетімен әлемді тамсандырған таңғажайып қалаларды тып-типыл етіп жойған соғыс нәубеті аяқталған, алапат қан-төгіс тоқтаған күн».

«Мұхтар Әблязов журналистке сес көрсетті» - Журналист Асқар Жалдинов Фейсбуктегі парақшасында Мұхтар Әблязов туралы пост жазған. Жалдиновтың жазбасына Әблязов шамданып қалды.

"Тұңғыш триллионер кім болады?" - Қызмет көрсету саласын зерттейтін Comparisun компаниясының дерегіне қарағанда, адамзат тарихындағы тұңғыш триллионер Amazon компаниясының иесі Джефф Безос болуы мүмкін.

SPUTNIKNEWS.KZ. «Саяси қайраткер және халық жазушысы Олжас Сүлейменов жайлы не білеміз» - Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтің өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

«Биыл жазда қандай киімдер сәнде болады – дизайнерлер кеңесі» - Биыл қанық қызыл, қызғылт, классикалық көк түстен тігілген киімдер трендте болады. Дизайнерлер жазда арты ашық жейде мен көйлектер сәнге келетінін айтты.

"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты» - Мемлекет басшысы парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекіту туралы бастама көтерген болатын.

19 мамыр 2020, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.