Атырау, 18 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Жақыныңмен алыстан қоштасу. Вирус жерлеу жоралғысын өзгертті", "Бейбіт жиын туралы заң жобасы: карантинге қарамаған асығыстықтың сыры неде?", "Қазақстан интернеті неге төтенше жағдайға дайын болмады?", "Мәселе Мексикасыз шешілді".

3 649 просмотра

SPUTNIKNEWS.KZ. «Балаға коронавирус туралы айту керек пе - психолог жауап берді» - Балаға індет туралы қалай айту керек, үйде отырудың маңыздылығы туралы қалай түсіндірген жөн - осы және басқа да сұрақтарға психолог мамандар жауап берді.

"Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы" - Мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуу керек екенін ескертіп отыр.

 AZATTYQ.ORG. "Интернет те, дүкен де жоқ". Орал саяжайларының карантиндегі өмірі» - Батыс Қазақстан облысында шамамен 17 мың адам саяжайда тұрады. Саяжайлар Орал қаласының шетінде. Көпшілігінде азық-түлік дүкені жоқ, ал үйден екі шақырымнан артық ұзауға болмайды. Азаттық оқшауланып қалған саяжай тұрғындарымен сөйлесті.

"Карантин кезінде күн сайын 2-3 тонна қияр шіріп жатыр" - Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жылыжайға помидор, қияр, капуста еккен диқандар карантин салдарынан еңбегіміз зая кете бастады дейді. Бұрын осы уақытта жүздеген жүк көлігі көкөніс артып шығатын ауылдар жым-жырт.

«Қазақстан интернеті неге төтенше жағдайға дайын болмады?» - Коронавирус елдімекендерді интернетпен қамту мен жылдамдығын күшейту мәселесі әлі күнге шешілмегенін көрсетті. Білім министрлігі жоспарлаған онлайн сабақ өтпей қалды. Әлеуметтік көмекке керек құжаттарды қабылдайтын ресми сайттар қимылсыз қалды. Сарапшылар «билік интернет туралы ертерек ойлануы керек еді» дейді.

«Жақыныңмен алыстан қоштасу. Вирус жерлеу жоралғысын өзгертті» - Эпидемияның тарауы құрбандарды жоқтау, жерлеу рәсіміне ғана емес, адамдардың бір-бірін жұбатуына да өзгеріс әкелді. Кейбір жоралғылар виртуалды түрде атқарылып жатыр.

«Карантинде еркіндік алған жергілікті биліктің шектеулері әрқилы» - Қазақстан жергілікті жердегі карантин шараларына байланысты шешімді жергілікті орандардың өз бетінше қабылдауына рұқсат берді. Азаттық «Қазақстанда шектеу шараларының бірыңғай стандарты неге жоқ?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

ZAKON.KZ. «Қазақстан мұнайы теп-тегіс жерден 0,4 млн баррельге қысқартатын болды» - Ресей мұнайды бар болғаны күніне 0,5 млн баррельге қысқартуға көнбей ОПЕК+ -тің есігін тарс жауып кетіп еді, деп жазады желіде Қуаныш Еділхантегі.

"Бұйрықты дұрыс түсінбей қалыпты". Денсаулық министрі бір қателікті түзеді» - Алматы денсаулық сақтау басқармасы министрдің өтінішін орындап, қатені жөндеді.

«Карантиндегі ауылдағылардың жанайқайы: Бәрімізді тексерсінші!» - Коронавирус шыққан ауылда, біріншіден, жауаптылар эпидемия кезінде міндетіне салғырт қарап отыр дейді. Екіншіден, ауылда жедел жәрдем көлігі жоқ. Жергілікті биліктен үміт үзген тұрғындар қаражат жинап, көшелерді өздері дәрілеп шыққан.

NEGE.KZ. «Мәселе Мексикасыз шешілді» - Мексиканың қырсығып отырғанына қарамастан, ОПЕК+ өзара келісімге келді. Енді мұнай бағасының көтерілуін күтеміз. 2 күн бұрын мұнай бағасын барреліне 20 доллар көрсеткішімен қабылдаған Қазақстан бюджеті үшін бұл жақсы жаңалық.

«Бейбіт жиын туралы заң жобасы: карантинге қарамаған асығыстықтың сыры неде?» -  Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиынды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда тағы мақұлдады. Білетіндердің айтуынша, сенатқа жолданған осы жоба енді өзгеріссіз қабылдануы ықтимал. Азаматтық қоғам ұсынған «арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін» компромистік нұсқа да далада қалатын тәрізді. Бір қызығы, заң жобасының соңғы нұсқасымен сарапшылардың өзі таныса алмай отыр.

«Гарри ханзада мен Меган Марклдың фотосы 100 мың доллар тұрады» - Гарри ханзада жұбайы Меган Марклмен бірге АҚШ-қа көшіп барғалы бері папараццилер қыр соңдарынан қалар емес.

10 сәуір 2020, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.