Атырау, 11 қараша 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Комедия мен мюзикл күтеміз

2 328 просмотра

"Супер келін" қойылымынан көрініс10 қазанда М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры өзінің жаңа маусымын «Шырмауық астындағы шырғалаң» спектаклімен ашты. Қазір маусым қызған шақта, премьералар жалғасуда. Спектакльдердің бірінен соң біз көрермендерден қазіргі замантеатрынан олардың не күтетінін сұрап көрдік.

Меруерт, 18 жаста:

- Өткен жолы жазушы Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын көрдім. Жалпы мен үшін театр өнері ұнайды, онда әртістердің шынайы бет-бейнесін көреміз, өн бойындағы табиғилық пен жасандылықты айыра аламыз. Өнерді осылайша саралай түсеміз. Алдағы уақытта жастарға арналған қойылымдарды көргіміз келеді.

Нұрлан, 39 жаста:

-Театрға жұбайым екеуміз қолымыз тигенде келеміз. Өткен жолы «Бейбарыс», «Күшік күйеу» қойылымдарына келдік. Салмақты, қазіргі күнге сай қойылымдар көргіміз келеді. Қайталама болмаса екен. Комедияны күнделікті өмірде онсыз да көріп жүрміз ғой. Ресей театрларында мюзиклмен әрленген қойылымдар көп. Бізде де сол бағыт дамыса дейміз.

Малика Бекітжанова, 18 жаста:

- Театрға жиі келе бермеймін. Анда-санда достарыммен келіп тұрам. Театрда күнделікті өмір шынайы суреттеледі. Маған ол сонысымен қызықты. Қызықты, жастарға арналған, романтика, комедиялық жанрдағы қойылымдарды көргім келеді. Ал театр директоры Берік ЖӘМЕНОВ былай дейді: 

- Әр көрерменнің талғамы әр түрлі. Біреу Александр Вампи-ловтың жазған шығармасы бойынша сахналанған «Тұңғышым» спектаклін көруге келсе, енді бірі Саид Ахмадтың «Супер келін» комедиясын,  Берқайыр Аманшиннің «Махамбет» тарихи драмасын көруге құмартады. Жалпы қай театрда да классика болуы қажет.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

21 қараша 2012, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.