Атырау, 18 желтоқсан 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Жәкішевті не үшін босатты?», «"Түрмеден босатылсын". Сот Мұхтар Жәкішевтің өтінішін қанағаттандырды», «Түрмедегі саясаткерді қолдау шеруін билік күшпен таратты. Бірнеше адам қамалды», «Covid-9 індеті: Әлем ахуалы».

4 043 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Түрмедегі саясаткерді қолдау шеруін билік күшпен таратты. Бірнеше адам қамалды» - Бішкекте саясаткер Садыр Жапаровты түрмеден босатуды талап еткен жүздеген адам қатысқан наразылық шеруін полиция жас ағызатын газ бен су шашып таратты. Жиырмадан астам адам зардап шеккен. Шеруден соң арасында экс-депутат бар бірнеше адам қамалған.  

«"Үй де, ақша да көзден бұл-бұл ұшты". "Бесоба" үлескерлерінің мұңы» - Қарағандыдағы "Бесоба" тұрғын үй кешені құрылысына ақша құйған ондаған адам көп жылдан бері биліктен өздерін алаңдатқан мәселені шешуді талап етіп келеді. Жаңадан салынған көп қабатты үйлердің бірі құлаған соң кешен түгелдей сүрілген, ал кезінде пәтер құнын толық төлеп үлгермеген тұрғындар "жартылай үлескер" мәртебесінде қалды. Билік мәселені шешу үшін заңды өзгерту керек дейді.

«"Түрмеден босатылсын". Сот Мұхтар Жәкішевтің өтінішін қанағаттандырды» - Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атайтын Мұхтар Жәкішевтің шартты жазамен мерзімінен ерте қамаудан босатуды сұрап жазған үшінші өтінішін сот қанағаттандырды. Прокурор он жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырған тұтқынды босатуға қарсы болды.

NEGE.KZ «Жәкішевті не үшін босатты?» - Мұхтар Жәкішев 11 жылдан соң бостандыққа шықты. Әзірге шартты түрде.  Оның тұлғасына қатысты қоғамда әртүрлі пікір бар. Бірі «саясаттың құрбаны болды» десе, екіншілері «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деп қабылдайды. Десе де, осы уақытқа дейін Жәкішевтің тағдыры қоғамда қызу талқыланып келді және оның бостандыққа шығатынын қоғам жақсы қабылдады. 

DALANEWS.KZ.  «Жәкішевтің үстінен арыз түсірген депутат кім?» - Бүгін “ҚазАтомӨндірістің”  бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев азаттыққа шықты. Оның мерзімінен бұрын босату туралы өтініші осымен үшінші рет қаралып, ақыр соңы сот Жәкішевтің сөзіне құлақ асты.

QAMSHY.KZ.  «Жәкішевтің босатылуы туралы сарапшылар не дейді?» - "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы туралы әлеуметтік желіде әртүрлі пікір айтылуда. Бұл шешімді Тоқаевтың ақылды саяси қадамына балап жатқандар да, қоғамдағы наразы көңіл-күйді сейілту үшін жасалды деушілер де бар. Жәкішевтің босатылуы мен президенттің соңғы күндері қызу талқыланып жатқан мәлімдемелері туралы Қамшы тілшісі сарапшылар пікірін сұраған болатын.

QAZAQTIMES.COM. «Жәкішевтің сотталу баяны және Тоқаевтың оң қабақ танытуы» - Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар «сотталуында саяси астары бар тұтқындар» санатына қосқан ең белгілі тұлғалардың бірі, он жылдан астам уақыт абақтыда отырған Мұхтар Жәкішевтің ісі төртінші мәрте қаралмақ. «Абақтыда айдан-күннен жаңылған» Жәкішевтің соттылық биографиясына шола отырып, сарапшы пікірін назарыңызға ұсынамыз.   

«Covid-9 індеті: Әлем ахуалы» - Әлем бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны күн санап артып барады. Ошағы Қытайдың Хубэй провинциясынан басталып, 75 мемлекетке тарап үлгерген ковид-9 вирусы пандемияға айналуы мүмкін. Вloomberg мәліметіне сәйкес, әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 93024 адамға жеткен. Қайтыс болғандар саны – 3201 адам.


4 наурыз 2020, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.