Атырау, 18 желтоқсан 17:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Досым Сәтбаев: Мәскеудің Қазақстанда шаруасы қанша?!», «Қасым хан» фильмі: 11 млрд теңге бөлінген кино консервацияда тұр», «”SATAIFILM-нің біраз былығы бар”: “Томирис” үшін есеп бермеген продюсерлік орталықты «Қазақфильм» сотқа берді».

4 497 просмотра

AZATTYQ-RUHY.KZ  «Қасым хан» фильмі: 11 млрд теңге бөлінген кино консервацияда тұр» - Қазақтың ұлы хандарының бірі, Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы Қасым хан туралы көркем фильмнің қашан түсірілетіні белгісіз. Былтыр қыркүйекте танымал жазушы, кинодраматрург Смағұл Елубай «Қасым хан» фильміне арнап жазған бір сериялы прокаттық фильм сценарийінің орнына түріктің режиссері 75 сериялық кино түсіргелі жатыр деп наразылық білдірген болатын. Түркияда «Ертұғырыл» сериалын жасаған режиссер Метин Гюнайды бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасымен жолықтырып, қазақ ханы туралы тарихи туынды түсіруге рұқсат алған. Көп ұзамай жобаға бюджеттен 11 млрд теңге бөлінген.  

«”SATAIFILM-нің біраз былығы бар”: “Томирис” үшін есеп бермеген продюсерлік орталықты «Қазақфильм» сотқа берді» - Әйгілі «Қазақфильм» киностудиясы мен елдегі ең табысты «SATAIFILM» кино компаниясы ақыры сотта кездесті. Тараптар 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған «Томирис» фильмін монтаждау кезінде қаржыны бөлісе алмаған. Кинорежиссер Ақан Сатаевтың заңгерлері киностудия тарихи киноның монтажына бөлінуі тиіс қаражаттан 9 млн 300 мың теңгені бермей отыр деп сотқа шағымданған. Бұл іс  бойынша сот ақпан айының ортасында өтіп, «SATAIFILM» өкілдері кино прокатқа шықты, жұмысты атқардық, бірақ тапсырыс беруші құжаттарды қабылдамай отыр деген уәж айтқан.

NEGE.KZ «Досым Сәтбаев: Мәскеудің Қазақстанда шаруасы қанша?!» - «Орталық Азия алып империялардың көзқұртына айналды» деген пікір бұрыннан бар. Әсіресе, Қазақстан мен Өзбекстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келіп кеткелі бері жағдай шиеленісе түскендей.

«Үлкен ойында Ресей «әке-шешенің» рөлін ойнағысы келеді» - Бүгін Мәскеуде «аралық елдер» мәселесін шешу туралы сарапшылар баяндамасының таныстырылымы өтті. «Аралық елдер» деп Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Молдавия мен Украины атап отыр. Бұл, орыс сарапшыларының пікірінше, аймақтағы шиеленістің шешімі болмақ. Ресейлік сарапшылардың ұсынысы мынаған саяды: АҚШ пен Еуроодақ «балабақшаның тәрбиешілері» де, ал Ресей – «әке-шешенің» рөлін ойнамақ. «Балаларға» қойылатын талап – ештеңені бүлдірмей, тыныштық сақтап отырса болғаны.

«Алтынбек Сәрсенбайұлының туысына «қысым жасаған генералдар» кім?» - Дүйсенбі күні «Жас Алаш» газетінің бас редакторы тағы ауысты. Осы жаңалықпен қабаттаса, басылымды бар-жоғы бір айдан аса басқарған Инга Иманбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Оның сөзіне қарағанда, газет құрылтайшысы – Салтанат Атушевамен (Алтынбек Сәрсенбайұлының жары) арадағы әңгімеде Инга Иманбайды қызметінен босатпаса, Сәрсенбаевтар әулетіндегі бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамалатыны туралы ескерту жасалған көрінеді. Сол үшін де газет құрылтайшысы бас редакторды босатуға мәжбүр болған-мыс.

AZATTYQ.ORG  «Тұрғындарды мазалаған коронавирус пен облыс әкімінің уәдесі» - Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауылында коронавирусқа қарсы митингілер өтті. Азаттық тілшісі облыстық әкімдік шененуіктерінің тұрғындармен кездесуіне қатысып, жергілікті халықты не мазалайтынын  анықтауға тырысты.


28 ақпан 2020, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.