Атырау, 18 желтоқсан 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Үкіметке қарсы шерулер өтетін күні жүзден астам адам ұсталды», «Қаржы саласындағы "жүйесіздік" және "тамырынан ажыраған" Қазақстан», «Қордай: есірткі тасымалы, контрабанда және билік», «Аблязов есірткіге тәуелді адамды өзінің саяси мақсатына пайдаланды».

2 970 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Үкіметке қарсы шерулер өтетін күні жүзден астам адам ұсталды» - Ақпанның 22-і күні түстен кейін Қазақстанның бірнеше қаласында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы шеру өтеді деп көрсеткен орындарда жүзден астам адамды полиция ұстады. Түске дейін Алматыда тіркелмеген "Демократиялық партияның" оннан астам жақтасы ұсталды. Екі саяси ұйым үкіметке қарсы екі бөлек шеру жоспарлаған.   

«Қаржы саласындағы "жүйесіздік" және "тамырынан ажыраған" Қазақстан» - Осы аптада шетел ақпарат құралдары Қазақстанда жүйелі оппозицияның пайда болу мүмкіндігі, Жамбыл облысындағы ұлтаралық жанжалдың себептері, миллиардтап құйылған қаржыға қарамастан, банк саласының «ретсіз» ахуалы туралы жазды.

NEGE.KZ «Бекболат Тілеухан білмей ме, әлде білмегенси ме?» - Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыға байланысты әріптесіміздің қойған сұрағы ұнамаған секілді. Депутат баланы әке-шешесі асырау керегін айтып кеңес беріпті. Одан әрі журналист пен Мәжіліс депутатының арасында мынадай әңгіме өрбиді.

«Рожковтың бандасы» - 90-жылдарды аяғына қарай елде атышулы қылмыстық топтар туралы гу-гу әңгіме жүріп жатқанда, Қазақстанда тайраңдаған барлық қылмыстық топтардың түп атасындай бір топқа қатысты сот үкімі шығып жатты. Ол – «Рожковтың бандасы» еді. Ешбір қылмыстық топқа ұқсамайтын өзіндік ережесі бар ол топты ешқандай лақап аты жоқ Александр Рожков басқарды. Бұрынырақ, Кеңес одағы кезінде Потребсоюз мекемесінде жұмыс істеген ол Қостанай облысының тумасы еді.

ABAI.KZ. «Әнекеңнің болмаған балалық шағы...» - Ғасырлар тоғысында ғаламдық тұрғыда ойлау былай тұрсын, әдеби санасыз, әдеби тарихсыз күллі әлем мекендеушілері қараңғы болары хақ. Менің олай дейтін себебім, әр ұлттың тілін, дәстүрін, мәдениетін, тарихын тіптен географиясының өзін суреттейтін ол – әдебиет. Мен сөз еткелі отырған тұлға кісілік келбетіне кесе көлденең келетін көлеңке былай тұрсын, дақ түсірмеген ұлы тұлға.  

365INFO.KZ  «Қордайдың жанды жері: есірткі тасымалы, контрабанда және билікті өзара бөлісу» - Саясаттанушы Жамбыл облысындағы отставка мен тағайындаулар, тіл мәселесі мен агрессияшыл ұлтшылдық тақырыбына қатысты пікір білдірді   

«Аблязов әдептілік туралы ұмытып, есірткіге тәуелді адамды өзінің саяси мақсатына пайдаланды» - Нұрсұлтан Назарбаевтың немересінің атынан шетелде жасырынып жүрген қазақстандық бизнесмен, отанында адам өлтірді деп айыпталған Мұхтар Аблязов жазғаны белгілі болды.


24 ақпан 2020, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.