Атырау, 18 желтоқсан 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"90-ға жуық" іс. Билік қанша адам ұсталғанын әлі айтпай отыр», «Белсенділерге қысым Тоқаевтың "саяси жылымығының" аяқталғанын білдіре ме?», «Ресейден төнген қауіп: Батыс елдерін алаңдатқан қандай мәселе?», «Қызылордада соттар «құпия» жүреді».

3 370 просмотра

AZATTYQ.ORG  «"90-ға жуық" іс. Билік қанша адам ұсталғанын әлі айтпай отыр» - Қазақстан билігі Жамбыл облысындағы ұлтаралық жанжалдан соң 90-ға жуық сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын хабарлады. Ақпанның 7-і кешке болған қақтығыстар салдарынан кемінде 11 кісі қаза тауып, жүзден астам адам жараланды, ондаған үй өртенді.   

«Белсенділерге қысым Тоқаевтың "саяси жылымығының" аяқталғанын білдіре ме?» - Қазақстан прокуратурасы "заңсыз митингіге" шықпауды ескертті. Сот тыйым салған оппозициялық қозғалыс пен тіркелмеген партия белсенділері ақпанның 22-і күні екі бөлек шеру өткізетінін айтқан. Шеру өтпей жатып билік ондаған белсендіні ұстап, кейбіреуін бірнеше тәулікке қамады.

NEGE.KZ «Жеке басқа тиіспеу құқығы президентті қорғай ма?» - Ресейде мемлекеттік Дума депутаттары Конституцияға қызметі аяқталған Ресей президентінің жеке басына тиіспеу туралы өзгеріс енгізуді ұсынды. Қазір Конституцияның 93-бабына сәйкес, президентті орнынан алу мақсатында осындай құқықтан айыру мүмкіндігі қарастырылған. Президент Путин 2001 жылы бұрынғы президентке тиіспеу туралы федералды заңға қол қойған еді. Енді депутаттар осы ережені Конституцияға енгізу арқылы оның мәртебесін жоғарылатуды көздейді.   

«Нашар несие тарихынан қазақтар қалай құтылады?» - Несие тарихы әр қазақстандыққа жақсы таныс. Елімізде 3 миллионнан астам азаматтың несие тарихы бүлінгенін ескерсек, бәріміздің осы олқылықты түзеу жөнінде арагідік ойланатынымыз рас деп жазады ИпотекаБлог. Ендеше, бұл жолы жанымызға батып жүрген осы тақырыпты талқылайық. Несие тарихы дегеніміз не және оны қалай түзеуге болады?  

«Қызылордада соттар «құпия» жүреді» - Кеше Nege.kz порталында «Шиелі аудандық сотының төрағасы кімнен жасырынып жүр?» деген мақала жарияланды. Онда аудандық соттың төрағасы Марат Күздеубаевтың қызметтік көлікті өз мақсатына пайдаланбайтыны, мемлекеттік нөмірін ауыстырып, жұмыстан тыс уақытта да мінетіні айтылған.

INFORMBURO.KZ. «Бас прокуратураның ресми өкілі: Әблязовтың көксегені – жеке басының мүддесі, мансабы» - Брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс ел азаматтарын қоғамға іріткі салып жүрген қандықол қылмыскердің әрекеттерінен сақ болуға шақырды.  

QAZAQTIMES.COM. «Ресейден төнген қауіп: Батыс елдерін алаңдатқан қандай мәселе?» -  Осы аптада Грузия, АҚШ және Ұлыбритания грузин интернет-сайттарына, соның ішінде президент әкімшілігі, үкімет, сот пен телеарналарға қарсы бағытталған ауқымды кибершабуыл жасады деп Ресейге айып тақты. Кибершабуыл, өзге мемлекеттің ішкі саясатына қол сұғу және сайлауға араласу сынды істе Ресейге тағылған алғашқы айып емес бұл. 


21 ақпан 2020, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.