Атырау, 18 желтоқсан 18:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Жанболат Мамайдың артында кім тұр?», «АЕ/АР журналистерге қысымды сынап, билікті Азаттық тілшілеріне аккредитация беруге шақырды», «”Демократияға қайшы үкім”: Қазақстан соты цензураны жақтай ма?», «Қордай қақтығысына билік кінәлі».

4 550 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «”Демократияға қайшы үкім”: Қазақстан соты цензураны жақтай ма?» -  Жылға жуық уақытқа созылған істе судья Қажымұқан Мекемтас 18 ақпан Ислам Әбішевке 5 жыл, Серік Түкиевке 4 жыл бас бостандығын айыруға жаза кесті. Өзінің ақ екенін ағынан жарыла айтқан Әбішев пен Түкиев сот шешімімен келіспейді, қалалық сотқа аппелияцияға берді. 

«Қордай қақтығысына билік кінәлі» - The Qazaq Times-тың "Talk-TOR"-інде қонақ болған мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер Балташ Тұрсымбев "Қордай қақтығысы" туралы ой бөлісті. 

AZATTYQ.ORG  «АЕ/АР журналистерге қысымды сынап, билікті Азаттық тілшілеріне аккредитация беруге шақырды» - Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясы Азаттық тілшілеріне аккредитация бермей отырған Қазақстан үкіметін сынап, биліктің бұл ісін соңғы кезде журналистердің жұмысына жасалып жатқан кедергілердің жалғасы деп атады.

«Шеруді қолдаған белсенді ұстазды жұмыстан алып, әскерге шақырды» - Петропавлдан 240 шақырым жердегі Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Бірлік ауылында тұратын 26 жастағы Нұрбол Өнерхан "азаматтық белсенділігі үшін қысымға ұшырағанын" айтады. Әлеуметтік желідегі "шеруге шақырған" посты үшін сот шешімімен он тәулік әкімшілік қамауда отырып шыққан соң жұмыстан босап, әскерге шақырту алған. 

NEGE.KZ «AQR-дың алғашқы құрбаны табылды ма?» - Қазақстан қор биржасы 2020 жылдың 4 наурызында "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. "Күн тәртібіне шұғыл түрде екі мәселе - банктің жай акцияларына айырбасталған облигациялар шығарылымы мен жарияланған жай акцияларының санын арттыру туралы сұрақтардың қойылуы бекер емес дейді" сарапшылар.   

«Жанболат Мамайдың артында кім тұр?» - Өткен президенттік сайлаудан кейін азаматтық қоғамның белсенділігі артқаны даусыз. Реформаларға, өзгерістерге мұрындық болатын саяси күш – саяси партиялар екені мәлім. Қолданыстағы заңымыз бойынша, парламенттік, мәслихат сайлауларына тек партиялар ғана қатыса алады. Мұның өзі олардың жауыннан кейінгі саңырау құлақтай қаптауына түрткі болды. Мәжіліс сайлауының исі шыға бастағанда Тоғжан Қожалиеваның Хақ партиясы, Бэлла Орынбетованың Республикалық партиясы, Жанболат Мамайдың Демократиялық партиясы құрылатыны жарияланды.

«Дубай EXPO-2020: Сұлтановтан жауапты әзер сұрап алдық» - 13 қаңтарда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың атына биыл Дубайда өтетін халықаралық көрмеге қатысты ресми сауал жолдағанбыз. Тұп-тура бір ай, бір күн дегенде (хат 13 қаңтарда жолданған, жауап 14 ақпанда келді) министрліктің жауапты хатшысы Ж.Нөпіровтің жауабы келді. Оның өзін қайта-қайта хабарласып, әзер сұрап алдық. ҚР БАҚ туралы заңы бойынша екі апта ішінде жауап берілуі тиіс еді. Соған қарағанда, Сауда және интеграция министрлігі БАҚ туралы заңды заң деп есептемейтін сияқты...


20 ақпан 2020, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.