QAMSHY.KZ. «Абзал Құспан: Митингіге қатысты реформаның аты – хабарлау, іс жүзінде – рұхсат сұрау» - Президент Қ.Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырған. Осыған орай "Ашық Үкімет" сайтында "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының тұжырымдамасы жарияланды. Онымен танысқан әр азамат өз ұсынысы мен талап-тілегін қалдыра алады. Қамшы тілшісіне пікір білдірген заңгердің бірі митинг, бейбіт жиналыс туралы заңның болуының өзі адам құқығын шектеу десе, келесі заңгер бір қайнауы ішіндегі бұл заң жобасы жетілдіруді қажет етеді дегенді айтты.
AZATTYQ.ORG «Сынға қалған Қазақстан халқы ассамблеясы қажет пе, жоқ па?» -Жамбыл облысында болған ұлтаралық жанжал кезінде кемінде 11 адам қаза тауып, жүзден астам тұрғын жараланып, ондаған үй өртенгеннен кейін қоғамда міндеттерінің бірін "ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту" деп көрсететін Қазақстан халқы ассамблеясына сын көбейді. Бұл орган керек пе? Азаттық осы сұрақты ассамблея өкілдері мен сарапшыларға қойып көрді.
«"Тағылық" және бүлік. Батыс баспасөзі Қазақстандағы этносаралық қақтығыс туралы не айтты?» - Осы апта Батыс басылымдары Жамбыл облысының ауылдарында болған кемінде 11 кісінің өмірін қиған этносаралық жанжал туралы сөз қозғап, оның себептерін іздеген. Сонымен бірге, басылымдар Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені Айсұлтан Назарбаевтың мәлімдемелеріне назар аударған. Бұған қоса халықаралық басылымдар АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Орталық Азияға сапарына да тоқталып, Вашингтонның Қытайға бірлесе қарсы тұру туралы ұсынысына Ташкент пен Нұр-Сұлтанның салқын жауап бергенін де атап өткен.
«Мұнай зардабы, суперкомпьютер және Сайрамдағы жер дауы» - Осы аптада аймақ баспасөзі Батыс Қазақстан облысында қытайлық компанияның деректерді өңдейтін дата орталық сала бастағанын жарыса жазды, әкімдердің халыққа есеп беру жиындарынан хабар таратты. Мұнайдың зардабы туралы деректі фильм жарық көргенін хабарлады.
«"Заң бұзылады, әкімдік елемейді". Автопарк жұмысшылары еңбек жағдайына наразы» - Семейлік қоғам белсенділері өзі үлескер саналатын автопаркте еңбек заңы бұзылғанына көз жұма қарап отыр деп жергілікті әкімдікті кінәлайды. Жұмысшылар кәсіпорында еңбек шарты жасалмағанын, 16 сағат жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтады.
AZATTYQ-RUHY.KZ «Арым таза, қалғанын құдайға тапсырдым - Бағдат Мәнізоровтың сұқбаты» - Жақында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босаған Бағдат Мәнізоров Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында өзіне қатысты даулы оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді. Ол бұған дейін біздің тілшілерге қызметтен не үшін кеткені туралы телефон арқылы қысқаша сұқбат берген еді. Елдегі ең атышулы шенеунік бұл жолы бейнесұқбатында Шалбай Құлмаханов, Ахметжан Есімов, Амандық Баталовпен қарым-қатынасы туралы айтады.
NEGE.KZ «Ағайынды Қырықбаевтардың лаңы: Қаш, Қайрат, қаш!..» - Сонымен, сот үкімі шыққаннан кейін Қайрат Қырықбаев Тараз қаласы Жамбыл даңғылы №180 мекенжайда орналасқан ЖД-158/1 УКУИС облыстық түзеу мекемесінің 5-камерасына қамалды. Көршілес 6-камерада бауыры Ерғали отырды.
«Санақшылар НЕГЕ жаңылысты?» - Қазақстан 2020 жылғы халық санағын ұйымдастыру мен өткізуге 8,2 миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«14 300 теңгеңіз неге қайтпайды?» - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жарнамасы тарап жатқан 14 300 теңгені 143 мың теңге етіп қайтарып беруге уәде беретін пирамиданың ғұмыры бар-жоғы 30 күнге созылуы мүмкін. Мамандар мұндай "батпан құйрыққа" сенбеуге шақырады.
QAZAQTIMES.COM. «Митинг қарсаңындағы «полицейлік профилактика»: Тоқаев пен полиция неге бір бағытта емес?» - 2009 жылы Алматы қаласы Алатау әкімдігінде ілінген баннер және 2019 жылы 9 қарашада "Оян, Қазақстан" азаматтық қозғалысының өкілдерінің қолына ұстаған кеңжиекті плакаты. Фотоколлаж: QT «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды көздейтін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз еркіндігіне рұқсат беретін кепілдігі митинг қарсаңында өз күшін жоғалта бастады.