Атырау, 18 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Лас ойын". Айсұлтан Назарбаевтың жаңа мәлімдемесіне билік реакциясы», «Митинг өткізу құқығы. Жаңа заң жобасындағы ескі шектеулер», «Советтің құпия "мұсылман батальоны". Хабибжан Холбаевтың хикаясы».

2 830 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Советтің құпия "мұсылман батальоны". Хабибжан Холбаевтың хикаясы» - 31 жыл бұрын Совет одағы Ауғанстаннан шектеулі контингентін шығарды. 1979 жылы ауған билеушісі Хафизулла Әминнің резиденциясына шабуыл жасаудан басталған он жылдық соғыс осылай аяқталды. Тәж-Бек сарайын басып алу мақсатындағы құпия операцияға СССР билігі "мұсылман батальонын" пайдаланған. Азаттық тілшісі осы бөлімшені басқарған Хабибжан Холбаевпен ол Алматыға келгенде әңгімелесті.  

«"Лас ойын". Айсұлтан Назарбаевтың жаңа мәлімдемесіне билік реакциясы» -  Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені әрі парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританиядан саяси баспана сұрайтыны туралы Facebook әлеуметтік желісіне мәлімдеме жариялады.

«Шетте оқитын өзбек студенттері Отанына үдере көшіп жатыр» - Өзбекстан елдегі университеттерге ауысу тәртібін уақытша жеңілдете салысымен кейін шетелде оқып жатқан өзбек студенттері Отанына лек-легімен ағыла бастады.

«Коронавирус шарпыған Жапониядағы лайнерде қазақстандықтар да бар» - Жапонияның Йокогама қаласының жағасында коронавирустан соң карантинге жабылған Diamond Princess круизінде Қазақстанның төрт азаматы бар. Бұл туралы 13 ақпанда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Митинг өткізу құқығы. Жаңа заң жобасындағы ескі шектеулер» - Қазақстандық сарапшылар үкімет әзірлеген бейбіт митинг туралы заң жобасында азаматтардың конституциялық бостандықтарын пайдалану құқығын шектейтін бұрыннан келе жатқан ережелер барын айтады. Билік жобаны әзірлегенде халықаралық тәжірибе ескерілді дейді.

SPUTNIKNEWS.KZ «Ескендір Хасанғалиевпен сұхбат: өнерге қалай келгені, әндері және отбасы жайлы» -  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев 80 жасқа толды. Sputnik Қазақстан тілшісі өнер адамымен шығармашылық жолы жайында әңгімелесті. Жары Дарико Хасанғалиеваның пікірін сұрап, отбасылық өмірі жайлы біліп қайтты.

QAMSHY.KZ.  «Марғұлан Сейсембай: Ұлтаралық жағдайды асқындырмайық» -  Аяулым Шопан Ұсынған adyrna.kz Байқап отырмын, кейбір популистер осы трагедиядан бедел жинап қалуға тырысып, оқуға татымайтын посттар жазып жатыр. Ұлтаралық жағдайды асқындырмайық. 


14 ақпан 2020, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.