Атырау, 18 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Т.Үмбетәлиева: Билік этникалық топтармен қатынас орната алмай отыр», «Қазақстанның оңтүстік-шығысы шиеленістің ошағы ма?», «Бізде қанша Абай бар?», «"Халықтар достығы" риторикасы Орталық Азиядағы кикілжіңдерді шеше алмайды».

2 849 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Сергей Абашин: "Халықтар достығы" риторикасы Орталық Азиядағы кикілжіңдерді шеше алмайды» - Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қазақтар мен дүнгендер арасындағы жаппай қақтығыс – Орталық Азиядағы алғашқы этникалық жанжал емес. Тарих ғылымдарының докторы, Санкт-Петербургтегі Еуропа институтының антропология профессоры, "Орта Азиядағы ұлтшылдық: бірегейлікті іздеу" кітабының авторы Сергей Абашин аймақ елдері Совет одағы кезіндегі "Халықтар достығы" риторикасына негізделген ұлттық саясатты жалғастырып келеді, бұл риторика мәселені шешпейді деп санайды. Сарапшының сөзінше, аймақ елдері этносаралық жанжалдардың алдын алу үшін экономикалық және саяси ресурстарға тең әрі әділ қол жеткізуге мүмкіндік жасап, мемлекеттік институттарды нығайтуы керек.

«Вирус құрбандары мыңнан асты. Пекин бірнеше шендіні жұмыстан қуды» - Қытай ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 11 ақпанда елде коронавирустан қаза болғандар саны 1016 адам болғанын мәлімдеді. Вирус жұқтырғандар саны 42 638 адамға жеткенін мәлімдеді. Қытайдан бөлек әлемнің 24 елінде 319 коронавирус тіркелген.

«Қазақстанның оңтүстік-шығысы шиеленістің ошағы ма?» - Қазақстанның оңтүстік-шығысында тағы да ұлтаралық кикілжің туып, бұл жолы жанжал этникалық қазақтар мен Қазақстандағы дүнген қауымдастығы өкілдерінің арасында болды.

«Толғанай Үмбетәлиева: Билік этникалық топтармен қатынас орната алмай отыр» -Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жанжалдан, ресми дерек бойынша, 10 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланған. Азаттық Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевадан жанжалға не себеп болғанын, оның астарын, мұндай мәселелерді билік қалай шешу керегін сұрап көрді.

NEGE.KZ «Шешенсінген Ассамблея тірі ме?» - Алатаудың баурайындағы ауылда болған, ел ішін алатайдай бүлдірген қантөгістен дүрліккен жұрт әншейінде көсемсіп, шешенсіп, «татулық пен келісім» туралы мантраны езулері көпіргенше қайталайтын Қазақстан халқы Ассамблеясы дейтін шалажансар ұйымның мүшелерін іздей бастады.

«Ақтөбе облысында бәрі ескіріпті...» - Nege.kz порталының ресми сауалына жауапкершілікті түсінетін облыс әкімдіктері жауап беріп жатыр. Бұған дейін Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы әкімдіктерінен жауап келді. Әрине, жауапкершілікті түсіну деңгейіне қарай, жауап та әртүрлі. Арасында сандарға көп соқтықпай, «сипай қамшылап» құтылғысы келгендер де бар. Олардың жауабына біздің ғана емес, тиімсіз шығындарды қысқарту туралы тапсырмасы дұрыс орындалмаған Мемлекет басшысының да көңілі тола қоймас, сірә...

ZHASALASH.KZ. «Бізде қанша Абай бар?» - Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, 2020 жылы қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтетіндігі айтылған. Биыл жыл басында мемлекет басшысының «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы да жарияланды. Аталмыш мақалада президент: «Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек», – деді. Осы мерейтойға орай, елімізде және шетелдерде түрлі шаралар өтіп жатыр.

QAZAQTIMES.COM. «QazForum көп форумның бірі емес пе? – мамандар пікірі» -  7 ақпан астанада қазақ тілінде онлайн контент жасаушыларға арналған QazForum IV форумы өтті. 

«Қытайдан келгендерді кері қайтарудың «жолы қарастырылып» жатыр ма?» - Қытайдан қашып келген қазақтардың экстремистік іс-әрекетке қатысы болса, билік ҚХР-ға қайтарып береді. ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков ҚазТАГ тілшісіне берген жауабында: «Егер олардың экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар болып шықса, сөз жоқ, біз мәселені халықаралық заң мен конвенцияға  сәйкес, заңмен бекітілген тәртіп аясында шешеміз. Егер олардың қылмыстық іске қатысы расталмаса, мәселе басқаша қаралады. 


12 ақпан 2020, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.