NEGE.KZ «Даниал Ахметов неге жалақысын жасырады?» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің тиімсіз шығындарын қысқарту туралы үкіметке тапсырма беріп, Премьер-министр Асқар Мамин әкімдер мен министрлерге осы жөнінде ұсыныс дайындауға бір апта мерзім белгілегенде облыс әкімдерінің бәріне және Алматы, Астана, Шымкент қалаларының басшыларына Nege.kz порталы бірнеше сауал жолдаған.
ABAI.KZ. «Азат Перуашев: Оффшорға кеткен ақшаны қайтару үшін БҰҰ тобына «Ақ жол» өкілдерін қосуды ұсынамын» - «Ақ жол» демократиялық партиясы Сыртқы істер министрлігіне сыбайлас жемқорлықпен айналысқан шенеуніктердің оффшорға кеткен ақшасын қайтару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы тобына «Ақ жол» партиясының өкілдерін жіберуді ұсынады. «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев министр Мұхтар Тілеубердіге осындай өтініш жасады.
QAZAQTIMES.COM. «”Атуға бұйрық берген кім?”: Шындығы ашылмай қоймайтын Жаңаөзен жаңғырығы сарапшылар талқысында» - Жаңаөзен тұрғындары Нұрлыбек Нұрғалиев пен Мұратбай Жұмағалиев ереуілден жапа шеккен 100-ге тарта азаматтың ашық хатын Тоқаевқа тапсыру үшін арнайы астанаға барды. Олар бұған дейін бұрынғы президент Назарбаев кезінде бірнеше рет жолдағанымен нәтиже болмаған. Талап хатта халыққа қарсы оқ атқан және оған атуға бұйрық берген тұлғалар анықталып, есім-сойы нақты аталсын, «жеті ай ереуілде тұрған мұнайшылардың моральдық шығыны төленсін, зардап шекен отбасыларына мәртебе берілсін» делінген. Қара алтынның қайнарында отырып, қайыршы күй кешкен қараша жұрттың заңды-табиғи ыза-бұлқынысы заңды-сауатты, құқықтық жолмен көрініс беріп жатыр. Байсалды қадам, орынды талапқа биліктің реакциясы қандай болмақ?
«Ұлттық бюро шыншылдарды сексоттармен арандата ма?» - Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің адвокаттары Абзал Құспан, Макиш Есқараев, Ерлан Мәкенов, Саян Жүнісбаев, Алмас Әбдірахмановтың ұйымдастыруымен «Ұлттық бюроның арандатушылық әрекеттері» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатынан хабар жариялаған едік. Енді адвокаттар берген тың материалдар бойынша қосымша ақпарат ұсынамыз. «Пара алуға оқталды» деген айыппен 10 айдан бері түрмеде отырған Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің ісіне қатысты өз үкімін шығарар сәтте судья Қажымұқан Мекемтас неге «ауырып» қалды? Әбішевтер әулетінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па? Әбішевтер отбасы түгел «пара алушылар» мен «пара берушілер» ме? Ұлттық бюро мен прокурор тарапынан қандай «қысым» болып жатыр?
«Британия Еуроодақтан шыққаннан кейін не өзгермек?» - Көп жылғы талас-тартыстан, түрлі саяси жанжалдар кейін өткен аптада ағылшын мемлекеті Еуропалық Одақтан бір жола шығып кетті. «Брексит» деп аталатын бұл саяси өзгерісті жүзеге асыру үшін Британия бас уәзірін (премьер-министрін) үш рет алмастырды және екі рет сайлау өткізді.
«Коронавирус дүниежүзілік экономикалық дағдарыс алып келе ме?» - Коронавирус әлем экономикасына дағдарыс қаупін елестетуде. Қытай фабрикаларының жұмыстары тоқтап, карантин болып жатқанда, Батыс экономистері әлем экономикасы жаңа дағдарысқа тап келеді деп алаңдауда. Себебі, Қытайда қауіпті жаңа вирустан жүздеген адам көз жұмды және жайлап әлем елдеріне таралуда. Егер вирус әлемдік пандемияға айналып кетсе әлем экономикасына қауіп тудырмақ. Кейбір сарапшылар бұны 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан да ауыр болады деп болжап отыр.