AZATTYQ-RUHY.KZ - «Кегенге кел»: Алматы облысында аудан атқамінерлері жерді қалай бөліске салған?" - Алматы облысында шалғай жатқан аудандардың бірінде шенеуніктер ауылшаруашылық жерлерін талан-таражға салуы мүмкін деген күдікке ілінді
ZHASALASH.KZ - "Ресей үшін Орталық Азия Қытайдан да қауіпті" - Короновирус эпидемиясында барлығын бақылауда ұстап отырған Қытай емес, Орталық Азия елдері қауіпті. Ол жақта вирустың таралуы бақыланбайды. Ал халық Қытайға да, Ресейге де емін-еркін қатынайды. Өз азаматтарымызды қорғау үшін Орталық Азиямен шекараны жабуымыз қажет», - деп жазды Жириновский.
"Президенттің қызы отставкаға кетті" - Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзеевтің үлкен қызы Саида Мирзиеева қызметінен кетті.
ZAKON.KZ - "Қазақстанда ана мен балаға берілетін жәрдемақы мен төлемдердің 11 түрі бар" - Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда Ана мен баланы қолдаудың ұлттық моделі құрылған, ол 8 мемлекеттік жәрдемақы мен 3 төлемнен тұрады. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға 2020 жылы 682,9 млрд теңге қарастырылған.
"Қазақтың атақты ұрысы: Серік "Голова" деген кім еді" - Кілең айтулы қылмыскерлер бас қосқан жиында Серік "Голованың" "ұры" болуға лайық тұлға деп әйгілі Михасьтың өзі қуаттап сөйлеген көрінеді.
"Димаш Ресейдің атынан "Евровидениеге" қатысқалы жатқан жоқ - ресми өкілі" - Ресейлік сайт "Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Ресей атынан "Евровидение-2020" байқауына қатысқалы жатыр" деп ақпарат жариялаған. Осылайша Димаш есімінің "Евровидениеге" қатысуға үміткерлер арасында пайда болуы жанкүйерлерді елең еткізді.
AZATTYQ.ORG - "Түркия "Сирияның 30-35 солдатын өлтіргенін" хабарлады" - 3 ақпанда Түркия Сирия үкіметінің ондаған сарбазын өлтіргенін мәлімдеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның бұл әрекетін Идбил провинциясындағы түрік әскері орналасқан нысанға жасалған шабуылға қайтарған жауап деп мәлімдеді.
NEGE.KZ - "Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі қай ел?" - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, Қазақстанның Италиямен сауда байланысы ерекше. Италиялықтар біздің елден өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында жалпы құны 7,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тауар импорттаған.
"Диляра Қайдарова: Институт дәрігері неге 180 мың теңге алады?" - Кәдімгі емханалардағы емдеу дәрігеріне қарағанда, білікті мамандар жұмыс істейтін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ақ халаттылары төмен жалақы алады. Бұл туралы институттың басқарма төрайымы Диляра Қайдарова айтты.
"Галстук байлай алмайтын ұрпақ келді" - Помпеоны күтіп алған дипломаттарға бәрі күліп жатыр. Шынында да олар қара күртеше мен малақай киген, қолын қалтасына салған таксист сияқты. Пампео ұшақтан ақ жейде, галстукпен түсті. Үстінде пальто, жалаңбас. Күтіп алушылармен салыстырғанда әлдеқайда ұтымды көрінеді.
DALANEWS.KZ - "Павлодар атауын өзгертуге қарсы шыққан шымкенттік қазақтың спонсоры кім?" - Ол Талдықорғанның тумасы екен, қазіргі кезде Шымкент қаласында тұратын көрінеді. Республикалық «Интернационалистер» қоғамдық ұйымының төрағасы қызметін атқарады дейді.
INFORMBURO.KZ - "Екінші мәрте ұрлық жасайтындарға кешірім жоқ. Қылмыстық кодекске ұрлыққа қатысты тағы қандай өзгертулер енгізілді?" - Екінші мәрте ұрлық жасаған адамның жәбірленушімен татуласуына жол жоқ. Жаңартылған Қылмыстық кодекстің талаптары қатал.
"Көлікті қалай жалға алып пайдалануға болады?" - Соңғы он жылдықта әлемде каршеринг қызметі қарқынды дамуға бет алды. Тұтыну нарығында бұл қызметке деген сұраныс көп.