Атырау, 18 сәуір 05:06
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ізгілік сабағы

6 037 просмотра

Жұмыссыз құлсарылықтар қолданбалы өнердегі қажетті дағдылары мен білімін ғана алып қойған жоқ, өздерінің бұйымдарын сатып, аз қамтылған жанұялардан шыққан балаларға көмектерін көрсетті.

ТШО компаниясы және Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) қолдау танытып отырған «Өнер және мәдениет қызметкерлері лигасының» өкілдерінің біздің облысымызда жұмыс жасап жатқанына екінші жыл аяқ басты. Өткен жылы олар Атырау қаласы тұрғындарын қолөнер кәсібіне үйреткен болатын. Биылғы жылы Құлсары қаласында топ ашты. Бұған, негізінен, жұмыссыздар тартылды, дегенмен, басқа да ниет білдірушілерді ешкім де тренингтерден қуып шығып жатқан жоқ.

Барлығы жеті айдың ішінде 60 адам оқып шықты.

– Айталық, мектеп түлегі Жадыра АТАБАЕВА «Қолданбалы өнер» мамандығы бойынша  жоғары білім алуды жоспарлап отыр және бізде алған білімі оған жоғары оқу орнындағы байқау тапсырмаларынан сәтті өтуге мүмкіндік береді, - деп әңгімелейді жоба жетекшісі Разия МОЛДАШЕВА.

Олардың жұмыстарының жемісін көрсететін дәлелдер үшін алысқа барудың керегі жоқ, курсының түлектері бүгінгі таңда Алматы және Оралдағы жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Ал бұл жобаның тағы бір жағымды жағы - оған қатысушылардың өз бұйымдарын көрме-жәрмеңкелерде сату мүмкіндігіне ие болғандығы. Олардың көпшілігі үшін әдемі кәдесый бұйымдарының түгелге жуық сатылып кеткендігі күтпеген жаңалық болды. Көрмеден кейін әйелдерде өздеріне деген сенімділік пайда болып, кейбіреулері тұрақты жұмыстарға орналасты. Алайда, жобаға қатысушылар өздерінің мүгедек балаларға жасап жатқан көмектері туралы мақтанышпен айтады. «Айгөлек» балабақшасы (Құлсары қаласы) қайырымдылық акциясын өткізіп, оларға сату үшін бұйымдарын ұсынуды сұрады. Түскен барлық қаржы көмекке зәру балалардың ата-аналарына тапсырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 қараша 2012, 20:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.