Атырау, 23 қараша 02:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қамшы нарыққа шығады

8 180 просмотра

"Жерұйық" мәдениет орталығы» ҮЕҰ осы жылы өткен «Сарайшықтан -Астанаға» этно-мәдени экспедициясымен тікелей байланысты «Таралғы»шарасын өткізді.

Орталық қызметкерлері журналистерге экспедиция барысында анықталған жергілікті қолөнершілер жасаған бұйымдардан сатылымға шығару үшін жиынтық жасалып жатқанын айтып отыр. Жиынтыққа шеберлер жасаған киіз, алаша, текемет, тұскиіз, керме, домбыра, кілем және қамшы кіреді. Әрқайсысының жеке сертификаты мен этикеткасы бар. Оларда әр шебердің аты-жөні мен мекен-жайы жазылған. Осы арқылы әр шеберге тікелей шығуға болады.

Жиынтықтағы бұйымдарды еліміздегі меценаттар мен  шетелдік компаниялар сатып ала бастады,- дейді «Жерұйық» мәдениет орталығы» ҮЕҰ төрағасы Нұрберген ДӘУЛЕТОВ.

Оның айтуынша, қолөнер саласына әлде де мемлекет тарапынан үлкен қолдау қажет.

Шараға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ бұл сөзін облыс әкіміне жеткізетініне уәде берді. 

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

14 қараша 2012, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.