AZATTYQ.ORG «"Назарбаевтың көңілінен шықпаған Ата заң". 1993 жылғы Конституция президент билігін шектеді» - Осыдан 27 жыл бұрын, 1993 жылы қаңтардың 28-і күні Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданған еді. Сарапшылар "алғашқы Конституция қазіргі Конституцияға қарағанда демократия қағидаларына жақын болды" деп санайды. Тұңғыш Конституцияда "Президент референдум өткізу туралы шешімді Жоғарғы кеңеспен ақылдасып барып қабылдайды" деп көрсетілген еді. Алайда 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған референдум кезінде Жоғары кеңестің өзі де болған жоқ.
«"Үйден шықпаймыз". Қытайдағы қазақстандықтар коронавирус жайлы» - Қаңтардың 28-і күні билік өкілдері Қытайдан елге оралған кемінде жеті қазақстандықтың респираторлы вирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, әзірге еш науқаста коронавирус тіркелмеген.
INFORMBURO.KZ. «Еуразиялық экономикалық одақ кімнің мүддесін қорғайды?» -Шетелдік көліктер дауы күш алғалы Еуразиялық экономикалық одаққа сенімсіздік білдірушілер көбейді. Саясаттанушы Расул Жұмалы бұл туралы не айтады?
«Трамп импичменті: АҚШ президентінің бар үміті Сенатта» - Трампқа импичмент хаттары Сенатта талқыланып жатыр. Лев Парнас деген кім және ол Трампқа қаншалықты қиындық тудыруы мүмкін?
NEGE.KZ «Сингапур қайда, біз қайда? Қазақстан зейнетақы салымдарын баспанаға жұмсаудың сингапурлық үлгісінен бас тартты» - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, зейнетақы жүйесінің сингапурлық үлгісі Қазақстанда қолдануға келмейді. Негізгі мәселе - халықтың табысы мен есептелетін жарна көлемінде. Бізде табыс аз және төленетін жарна үлесі де мардымсыз.
DALANEWS.KZ. «Мұхтар Тайжан: “Биліктегілердің бала-шағасы ата-анасынан өткен ашқарақ”» - “Еңбексіз келген аста-төк табысы бар, әй дер әже, қой дер қожасы жоқ, қара мерседесі мен қалың дуалдың аржағында халыққа мұрнын шүйіре қарайтын біздің элита кімнің есебінен шалқып жүргенін естен шығарды”, дейді саясаткер Мұхтар Тайжан.
«Өзбекстанның Қазақстаннан басты үш артықшылығы» - 2020 жылдың алғашқы күндерінде Өзбекстанға жасаған сапарымыз өте жақсы әсер қалдырды. Тәшкенттен «Афросияб» жүрдек поезымен Самарқанға жол бүкіл мемлекеттің артықшылықтарын алдымызға жайып салды.
ZHASALASH.KZ. «Дариға Назарбаева отставкаға кетуі тиіс» - Айсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінің қандай саяси астары бар? Оның артында кімдер тұр? Осы және өзге де маңызды сауалдарды белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваға қойдық.