Атырау, 25 сәуір 10:21
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ЕАЭO көліктерін тіркеу қашан басталатыны айтылды

2 564 просмотра


ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ЕАЭО елдерінен кіргізілген автокөліктерді қашаннан бастап тіркетуге болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Халық тіркеу тәртібін дұрыс түсінбей қалмауы үшін және ХҚО-ларда түсінбеушіліктер орын алмау үшін біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Азаматтар өз автокөліктерін заңдастыра алуы үшін үлкен мерзім беріледі. Тіркеу шамамен ақпан айында басталып, кедендік және тіркеу төлемдері үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін мерзім беріледі, – деді Түсіпов.

Оның сөзінше, министрлік азаматтарға сатып алған автокөліктерін заңдастыру үшін барлық құжаттарын дайындауға қажетті уақыт беруді шешті.

Дәл қазір тіркеу науқаны әлі басталған жоқ, өйткені заңдарыстыруға құжаттар ұсыну тетігі әлі дайын емес.

– Соңғы екі-үш жыл бойы біз жыл сайын ЕАЭО елдерінен жеткізілген 40 мыңға жуық көлік құралын тіркеп келеміз, олар еш қиындықсыз тіркеуге алынуда. Төленетін сомалары салық заңдарында нақты көрсетілген, ол бәріне бірдей. Мемлекеттік тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін шамамен 10 мың теңге кетеді және алғашқы тіркеу үшін көліктің шыққан жылына байланысты 600 мың теңгеден бастап миллион теңгеден сәл асатын сомаға дейін төлеу қажет, – деп түсіндірді ол.

Дереккөз: Zakon.kz

28 қаңтар 2020, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.