Атырау, 23 сәуір 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Уханнан жеткізілген қазақстандық студенттер арнайы корпуста тексеріледі

2 696 просмотра


ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қытайдың Ухан қаласындағы қазақстандық студенттердің жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазіргі уақытта Ухан қаласында 98 қазақстандық студент бар. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі арқылы олармен тікелей байланыс орнатылған. Күнделікті олармен сөйлесіп отыр. Студенттерде қажетті дүниенің барлығы бар. Себебі, олар оқитын университеттер медициналық құралдар, бетперделер сынды барлық заттармен қамтамасыз етіп отыр. Азық-түлігі, барлығы жеткілікті. Қазіргі уақытта Премьер-Министр тапсырмасымен бізде ведомстволық комиссия құрылды. Жақында отырыс өтті. Біз қазір студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл мәселе бойынша Қытай тарапына ресми нота жіберілді. Енді ұшақтың қай маршрутпен баратыны, қайда тоқтайтыны , қайдан алып кететіні пысықталу барысында», - деді Шахрат Нұрышев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Уханнан қазақстандық студенттер жеткізілген жағдайда қандай шаралар қолданылатынын айтты.

Дереккөз: Inform.kz

28 қаңтар 2020, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.