Атырау, 18 желтоқсан 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Мамин орнын сақтап қала ма?», «А.Назарбаев "өміріне қауіп төнгенін" айтады. Жақындары үнсіз», «"Қытайдан қашқандарға шыққан үкім – Пекинмен ренжіспеудің амалы"», «Қазақстанда шенеуніктер кімге бағынарын білмей қала ма?».

7 911 просмотра

NEGE.KZ «Төрт президент бейнеленген картина сатылды ма?» - Арғы-бергі төрт президенттің басын бір жерде тоқайластырған ерекше дүниенің сатылымға шыққанын 5 қаңтар күні (Майлы бояудағы төртеудің картинасы қаншаға сатылады?) хабарлағанбыз. Тосындау жаңалыққа елең еткен бірнеше БАҚ Nege.kz порталына қолқа салып, осы хабарды көшіріп басқан еді.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Мамин орнын сақтап қала ма?» - Президенттік сайлаудан кейін Асқар Маминнің басқан ізі білінбей қалған. Себебі белгілі. Сол кезде «қос билік» туралы әңгіме өршіп тұрған-ды. Жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аралады да, премьер-министр Асқар Мамин көлеңкеде қалды. Әлеуметтік желіде Маминді іздеген жазбалардың көбейгені де осы тұс.

«Жапондікі – көлік, орыстікі – өлік» - Көлік алмақшы боп, «Kolesa.kz» сайтын қайта-қайта шолып шықтым. Жылы жаңа, бағасы арзан көліктер жылтыңдап шыға берді. Қожайынының нөмірін тердім. Армениядан өзі әкелген екен. «Жылы жаңа көлікті мұндай бағаға таппайсыз, алып алыңыз...» деп зуылдай кетті.

AZATTYQ.ORG  «"Қытайдан қашқандарға шыққан үкім – Пекинмен ренжіспеудің амалы"» - Қазақстан соты "қазақ-қытай шекарасын бұзып, Шыңжаңнан қашып келген" қытайлық алты қазақты кері депортацияламады. "Қытайдан қашқандардың" көбі Қазақстаннан босқын мәртебесін я азаматтық сұрағанымен, әзірге жауап жоқ. Сарапшылар "Қазақстан билігі қоғам наразылығынан қауіптенгендіктен Қытайдан қашқан қазақтарды елде қалдырды, бірақ оларға босқын мәртебесін беру басы ашық күйінде қалып тұр" деп санайды.

«"Көшеге шықпауды тапсырды". Қытайда оқитын қазақ студенттер қауіпті вирус жайлы» - Қытайда белгісіз вирустан екі апта ішінде 17 адам көз жұмды. Ресми Пекиннің дерегінше, 2019-nCoV деп аталатын вирусты 500-ден аса адам жұқтырған. Инфекция ошағы – 11 миллионнан аса тұрғыны бар Ухань қаласы қазір жабық тұр. Қытайда оқитын қазақстандық кейбір студент вирустан өз бетінше сақтанып, "елге қайтсам вирус жұқтырып алам ба" деп қорқатынын айтады, өзгелері биліктен өздерін эвакуациялауды сұрайды.

«Айсұлтан Назарбаев "өміріне қауіп төнгенін" айтады. Жақындары үнсіз» - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, сенат спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып қалды. Ол Facebook парақшасындағы бірнеше жазбасында және ақпарат құралдарына берген сұхбатында "қауіп өз отбасынан" екенін мәлімдеді.

«Экс-президенттің қызы. Африканың ең бай әйелі ақша жымқырды деп айыпталды» - Ангола бас прокуратурасы Африкадағы ең дәулетті әйел Изабель Душ Сантушқа (Forbes есебінше, байлығы – 2,1 млрд доллар) "ақша жымқырды, қаржыны қисапсыз шашты" деген айып тақты. 46 жастағы Изабель Душ Сантуш – 1979-2017 жылдары Ангола президенті болған Жозе Эдуарду Душ Сантуштың үлкен қызы.

DALANEWS.KZ.  «Бір жыл. Асқар Мамин басқарған Үкімет не бітірді?» - Өткен жылдың ақпан айында сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев «министрлер кабинеті өз міндеттерін орындай алмады» деп Үкіметті таратып жіберді. Негізінен, Сағынтаев басшылық еткен министрліктерге «сапалы экономикалық өсімді ынталандыра алмады (ЖІӨ өсімі тек шикізат есебінен қамтамасыз етіледі), нақты кірістер көбеймеді, мемлекеттік бағдарламалар тиімсіз жүзеге асырылады» деп айып тағылды.

QAZAQTIMES.COM. «Давос-2020: Климат өзгерісі, жаһандық экономика және Трамп-Грета диалогы» - Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум басталды. Елуінші рет өткізіліп отырған форум 24 қаңтарға дейін жалғасады және әлемнің 117 елінен делегат жиналған. Биыл «экологияны сақтап, жаһандық экономиканы дамыту» мәселесі басты тақырып ретінде алынған. Сонымен қатар, әлемдік қарыздың көбеюі, әлеуметтік теңсіздік, Таяу Шығыстағы шиеленіс, Брексит және жаһандық климаттық өзгеріс мәселелері талқыланбақ. 

ZAKON.KZ. «Қазақстанда шенеуніктер кімге бағынарын білмей қалатыны рас па – саясаттанушы» - Путинге Қазақстандағы биліктің жартылай транзиті сипатындағы модель ұнайды, өйткені президентіктен кеткенмен, елдегі бүкіл билік өз қолында қала береді.


24 қаңтар 2020, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.