Атырау, 18 желтоқсан 18:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Д.Құлыбаеваға – 5 миллиард доллар, көп балалы аналарға – 11 мың теңге», «М.Қазыбекова: “Досаевтың бастамасы шағын бизнесті орға жығуы мүмкін”», «А.Назарбаев: Менің өміріме анам қауіп төндіріп тұр», «Жанармайды кім «жұтып» жатыр?».

5 336 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Динара Құлыбаеваға – 5 миллиард доллар, көп балалы аналарға – 11 мың теңге» - Жақында американдық Блумберг басылымы Шығыс Еуропа мен посткеңестік елдер ішіндегі ең бай адамдардың тізімін жасап, олардың баю жолдарына тоқталды. Соның ішінде Қазақстандағы ең бай жұп — Тимур Құлыбаев пен Динара Назарбаеваны да арнайы атаған.

«Айсұлтан Назарбаев: Менің өміріме анам қауіп төндіріп тұр» - Бұрынғы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиені Айсұлтан НАЗАРБАЕВ бүгін Фейсбук желісінде екіұшты мағынадағы бірнеше пост жариялады. Ол өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

DALANEWS.KZ.  «Меруерт Қазыбекова: “Досаевтың бастамасы шағын бизнесті орға жығуы мүмкін”» - «Ақ жол» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Меруерт Қазыбекова Ұлттық банктың валюта айырбастау пункттеріне қойып отырған жаңа талабы шағын кәсіпкерлерге ауыр соққы болып тиетінін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.   

«Қазақстанға алтын іздеп келген канадалықтың бастан кешкені» - «Ұзақ жыл бойы Қазақстан Үкіметімен шайқасқан канадалық кәсіпкер сотта жеңіп шықты» деп жазыпты macleans.ca. Бұл не сот? Кімнен жеңілдік? Неден жаңылдық? Канадалыққа қанша өтемақы төлеуге тиістіміз?

ABAI.KZ. «Global Times: Қытай ерте ме, кеш пе дағдарысқа тап болады» - 2019 жылы Қытайдың ЖІӨ көрсеткіші 100 трлн юанға жетіп,  өсім14,4 трлн долларды құрапты. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі алғаш рет $10 276 құраған. Бұл туралы The Global Times басылымы жазды.

AZATTYQ-RUHY.KZ «"Бизнесті өлтіріп, 400 адамды жұмыссыз қалдырды": жамбылдық кәсіпкер Сенат депутатынан зәбір көргенін айтты» - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Юбилейный ауылында кәсіпкер Сәбит Сұлтанды танымайтын жан жоқ деуге болады. Ол иелік еткен «Подгорный» шаруа қожалығы кешеге дейін жергілікті тұрғындардың көпшілігін жұмыспен қамтып келген. Алайда, кәсіпкер бұрынғы аудан әкімі – қазіргі сенатор Әбдәлі Нұралиевпен тіл табыса алмай, салдарынан үлкен бизнесімнен айрылдым деп шағымданып отыр.

NEGE.KZ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қашқындардың қайда екенін білмейді» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қазан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Астанадағы жеңіл рельсті транспорт (LRT) құрылысына байланысты істі жеделдете тексеруді тапсырды.

«Зеленскийдің айлығы шайлығына жетпейді. Қазақстан президенті қанша алады?» - Украинаның президенті Владимир Зеленский елдегі ең төмен жалақы алатын мемлекеттік шенеунік екен.

«Жанармайды кім «жұтып» жатыр?» - Бүгіннен бастап бензин бағасы кем дегенде 4-5 теңгеге қымбаттады. Үкімет бензин акцизінің құнын жаңа жылдан бастап тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін көтерген болатын. Және бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі деп болжанған еді.


23 қаңтар 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.