AZATTYQ-RUHY.KZ «ЕАЭО: Өзбекстан шешімінен Қазақстан сабақ алуы керек – саясаттанушы» - Кеше Өзбекстан үкіметі өз өкілеттілігін тоқтатты. Енді мемлекеттің Конституциясына байланысты жаңа Парламент сайлануы керек. Төменгі палатаға депутаттарды сайлау 2019 жылы 22 желтоқсан мен 2020 жылдың 5 қаңтары аралығында, ал Сенатқа сайлау 16-17 қаңтарда өтті. Сондықтан, заңға сәйкес Үкіметтің басшысы өз қызметінен кетті. Қайта жасақталған Олий Мәжіліс пен Сенат депутаттары бүгін, 21 қаңтарда біріккен отырыс өткізіп жатыр. Оған президент Шавкат Мирзиёев қатысып, Парламент жаңа премьердің кандидатурасын бекітеді.
AZATTYQ.ORG «Конституцияға өзгеріс енгізу. Путин нені ұсынады?» - Ресей президенті Владимир Путин қаңтардың 20-сы күні Мемлекеттік думаға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жолдады. Кремль Негізгі заңға қандай өзгерістер енгізгісі келеді?
«"Жала жабу" бабын бір заңнан өзгесіне ауыстыру. Не өзгереді?» - Медиазаңгерлер мен журналистер құқығын қорғайтын ұйымдар Қазақстан билігінің "жала жабу" бабын декриминализациялау туралы ұсынысына неге күдікпен қарайды?
«Қытай АҚШ-тан 200 млрд доллардың тауарын алатын болды» - Бұл қадамды Си Цзиньпин шиеленісіті шешу жолындағы бастама деп отыр.
ABAI.KZ. «Бізде парламент сайлауы қашан өтетінін ресейлік БАҚ қайдан біледі?» - Әлгінде Кремльдегі көп шендінің диктовкасымен жұмыс жасайтын «Россия 24» дейтін телеарна 2020 жылы әлемде өтуі тиіс деген маңызды саяси оқиғаларға, соның ішінде президенттік және парламенттік сайлауларға шолу жасапты.
«Санақ келе жатыр!» - Иә, ресми дерек көздері ала шапанды ағайынымыздың жан саны 33 миллион 724 мыңға жеткенін жария етті. Бұл – 2019 жылдың қазан айындағы статистика. Алдағы наурызда өзбек әкалардың «әп» деп 34 миллионды еңсеріп тастауы әбден мүмкін. Ал біз… 18 миллионнан енді астық. Әуелгі межеміз – 20 миллион еді және бір өкініштісі: 20 миллионға 2020 жылы емес, 2015 жылы жетіп барамыз деп желпінгенбіз.
QAMSHY.KZ. «Ермұрат Бапи: Тоқаевтың төңірегі назарбаевшылдардың қоршауында қалды» - Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кетіп, оның орнына Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып келгеніне он ай болды. Жаңа президенттің осы он айдағы істері несімен есте қалды, саяси реформа жүргізу талпыныстарының барысы қандай, мерзімінен бұрын өтуі мүмкін делініп жүрген парламент сайлауы қарсаңында нендей оқиғалар болып жатыр, жалпы Қазақстанның саяси алаңындағы жағдай қандай деген сауалдардың төңірегінде тәуелсіз журналист, саясаткер Ермұрат Бапиден сұхбат алып, пікірін білдік.