AZATTYQ.ORG «Шетелден алған көлікті тіркеу дауы ушықты. Жүргізушілер неге наразы?» - Қазақстан билігінің елде армениялық, қырғызстандық және ресейлік нөмірлермен жүрген автокөліктерді заң жолымен тіркеу туралы талабы кей жүргізушілердің наразылығын тудырды. Ішкі істер министрлігі тіркелмеген шетелдік нөмірі бар көліктер заң бұзған жағдайда жазадан құтылып кетеді деп санайды. Ал жүргізушілер тіркеу құнының көлік бағасынан да асып кететін айтады.
«Шерудегі фольклор. Ирандағы наразылық ұраны қалай өзгерді?» - Иран қалаларында наразылық шеруіне шыққандар рухани көсем Әли Хаменеиге және элиталық әскери бөлімге қарсы ұрандады. Бұл жолғы ұрандардың тағы да қандай айырмасы бар?
«Назарбаев қызының Швейцариядағы жаңа мүлкі және әкесінің "стратегиясы"» - Осы аптада батыс басылымдары Қазақстанның бұрынғы президентінің ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның былтыр алған Бельрив сарайының қасынан жер телімін сатып алғаны туралы жазды. Сонымен бірге халықаралық шетел басылымдары Ресей президенті Владимир Путиннің Назарбаев “сценарийімен” реофрма жүргізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірген әрі Қазақстанмен соттасқан канадалық бизнесменнің және Шыңжаңда қудаланған этностық қазақтардың жайын сөз еткен.
«Ресейдің де өз «елбасы» бола ма және Путин Назарбаевтың жолымен жүре ме?» - Ресей президенті Владимир Путин Конституцияны өзгерту туралы ұсынысынан кейін сарапшылар «Кремль билік транзитіне қадам жасағандай» деген пікір айта бастады. Ресей Конституциясы өзгерсе, келесі сайланатын президенттің билігі шектеледі. Саясаттанушылар Ресейдегі жағдайды бұрынғы басшысы президенттіктен кетсе де, биліктің бір тармағын ұстап отырған Қазақстанмен де салыстыра бастады. Сарапшылар «Ресейде де Қазақстандағыдай сценарий жартылай болса да қайталанады» деп топшылайды.
QAZAQTIMES.COM. «АҚШ пен Иранның қытай тіліндегі қайым айтысы: Weibo-дағы саясат» - Олар бір-бірінің ресми қарулы күштерін террористік ұйым деп жариялады; Бір-бірінің үкіметтерін, лауазымды тұлғаларын жемқорлықпен айыптады; Бір-бірін зорекер режим ретінде сынға алды – олар қазір күрделі қайшылықты күйде тұрған Америка Құрама Штаттары және Иран Ислам Республикасы. Бұдан тыс әр реткі саяси жанжал тұсында қарсы тарабын оңдырмай сыбап, қайым айтысқа түсетіні де бар. Осы айда АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің қалай болғаны баршаға мәлім.
«Абайға – 3 млрд, Дубайға – 9 млрд. “Көзқаманның есебі”» - Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов биыл тойланатын әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойы, Жеңістің 75 жылдығына орай бюджеттен 3 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген. Бұл қаражат аз ба, көп пе?
«Мал экспорттау тоқтатылды: Ауыл шаруашылығы министрлігінің ағаттығы неде?» -Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан бұдан былай шетелге мал экспорттамайтынын хабарлады.