Атырау, 20 сәуір 14:47
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Сот "Қытайдан қашқан" Тәбәрікұлын елде қалдырды. Үкім қалай шықты?», «"Путин өмір бойы басқаруға қамданып жатыр". Ресейде үкімет ауысты», «Ресейдегі билік транзиті һәм Назарбаев жолы», «Абайдың қолжазбалары сақталған сандық қайда?».

2 134 просмотра

AZATTYQ.ORG  «"Путин өмір бойы басқаруға қамданып жатыр". Ресейде үкімет ауысты» - Ресей президенті Владимир Путин қаңтардың 15-і күні Федералды жиынға жолдауында Конституцияға елдің саяси жүйесіне әсер ететін бірқатар өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасады. Арада бірнеше сағат өткенде, 2012 жылы Путин Кремльдегі билік басына қайта оралғаннан бері премьер-министр болып істеп келген Дмитрий Медведев пен ол басқарған үкімет отставкаға кетті. Путин Ресей үкіметінің басшылығына Федералды салық қызметінің жетекшісі Михаил Мишустинның кандидатурасын ұсынды. Путиннің бастамасы мен Медведев үкіметінің отставкаға кетуінің астарында не жатыр?

«Сот "Қытайдан қашқан" Тәбәрікұлын елде қалдырды. Үкім қалай шықты?» - 16 қаңтарда Жаркент қаласындағы сот "қазақ-қытай шекарасын бұзып өтті" деп айыпталған Шыңжаң қазағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды. Прокурордың Қытай қазағын елден шығаруды сұрағанымен, судья Тілек Тәбәрікұлын Қазақстанда қалдырды.

«"Құдс" күштерінің жаңа басшысы және оның Ауғанстандағы ізі» - Иранның аса ықпалды ұйымы – Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) құрамындағы элиталық "Құдс" күштерінің жаңа басшысы Исмаил Каани Ауғанстанда белсенді іс-әрекетін 1980 жылдардың соңында бастаған.

ABAI.KZ. «Ресейдегі билік транзиті һәм Назарбаев жолы» - Кешелі-бері біздің әлеужелідегі әлем жұрт қоңсылас қоныстанған Ресейдегі президент жолдауын жерден жеті қоян тапқандай сүйіншілеп, сөзін сарап қылып, бірлі-жарым тұсын өзіміздің Үкіметке үлгі етіп, сөйлеп жатыр... Жиырма жылдан бері Кремльде кресло ауыстырып көрмеген Владимир Путин жолдау дегенді алғашқы рет айтып отырған жоқ-ты. Бірақ, біздікілер үйі бөтен, күйі басқа Путиннің осы жолғы дегендерін ерекше талқы қылуда.   

«Абайдың қолжазбалары сақталған сандық қайда?» - Абайдың қолжазбалары сақталмағаны, ұлы ақынның қол таңбасын «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы турасынан» деген жазбасының бір ғана парағымен танып жүргеніміз баршаға мәлім. Сондай-ақ, Абайдың қолымен жазылған «Вадим» аудармасының бір ғана парағы қалған.

«Әлихан Бөкейхан: Самара іздері» - Балалық шағым Ақтоғай топырағында өтті. Арқаның ең биік нүктесі Ақсораңның баурайында, тылсым өзен Тоқырауынның жағасында ойнап өстім. Ес білген сәттен бері ауыл ақсақалдарының әңгімелерінен Әлихан Бөкейханның, Әлімхан Ермековтің, Жақып Ақбаевтың есімдерін естіп жүрдік. Бірақ, ол кездерде көп нәрсенің парқына бара бермейтін баламыз ғой. Сол бір түтіні түзу ұшқан берекелі ауылдың үлкендері айтып жүретін адамдар Тәңірдің көзі түскен Алаш елінің ұлы қайраткерлері, тау тұлғалары екенін есейген шақта бірақ түсіндік. 


17 қаңтар 2020, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.