AZATTYQ.ORG «Нариман Қыпшақбаев: Сібір өзендерін Аралға бұрғаннан гөрі, су бөлісіне жаңа технологияны енгізген ұтымды» - Совет кезінде талқыланып, кейіннен доғарылған Сібір суларын Аралға бұру мәселесі қайта көтерілді. Су маманы мұны "қисынсыз" деп санайды.
«"Жазасыз қалмасын". Түрмеде зорлық көргенін мәлімдеген трансгендер» - Трансгендердің әйелдер колониясында сексуалды зорлыққа ұшырағаны туралы мәлімдемесінен кейін қозғалған қылмыстық іс жарты жыл өтсе де сотқа жетпеген. Жәбірленуші тарап "қысым көрсетілгенін" айтады.
«”Сандырақ” vs “қылмыстық жоспар”. Бұрынғы вице-министр сотындағы мәлімдеме» - «Ақша жымқырды» деп сотқа тартылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен өзге айыпталушылар 14 қаңтарда Қарағандыда өткен сот отырысында өздеріне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтты. Прокуратура жылу есептеу құрылғыларын орнату кезінде айыпталушылар 100 миллион теңге астам ақша жымқырған деп есептейді.
«"16 жылдан бері Қытайдан шыға алмай отыр". Қазақстан азаматының сергелдеңі» - Қазақстан азаматы Рахыжан Зейнолла 16 жылдан бері Қытайдан қайта алмай отыр. Әйелі Фарида Қабылбек 13 жыл түрмеде, бір жарым жыл "саяси лагерьде" болған күйеуінің үйқамақта отырғанын айтады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Зейнолланың ісіне байланысты Қытай елшілігіне ресми нота жолдағанын хабарлаған.
ABAI.KZ. «Талғат Теменов: Абайды шетелдік шүрегейлер емес, өзіміз түсіруіміз керек!» - Өткенде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жария болды. Онда Абайдың 175 жылдығын орай Абай туралы фильм түсіру керектігін айтты. Абай туралы фильм қандай болуы керек? Оны кім түсіруі керек? т.б. Біз Қазақстанның халық әртісі, режиссер, киносценарист Талғат Теменов мырзаны сөзге тартып, сұхбат құрдық.
QAZAQTIMES.COM. «Путин «қазақстандық сценарийді» таңдады: Ресейлік жүйедегі де-факто мен де-юре қақтығысы» - «Путин өз жоспарларына еш нұқсан келтірмеді. Ол кезекті құпия операциясына кірісті. Президент тарапынан пайда болған сенімсіздік саяси элитаны теңгерімсіздікке алып келді. Бірақ бұл әрекет Путинді орға жықпайды, мемлекеттік саясаттың өзегі боп қалуға септігін тигізеді». Тһе New York Times басылымы Ресей үкіметінің отставкасы жөнінде осылай дейді.
«Тоқаевтың ескі әдеті және «үш жүз ақордалықтың» тұсаукесері» - Ақордада Тоқаевтың қатысуымен Президенттік жастар кадр резерві кездесу жиыны өтті.