Атырау, 18 желтоқсан 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«HRW: Қазақстанда адам құқығының жағдайы өзгерген жоқ. Оппозицияны қудалау күшейді», «Тоқаев «командамен» жүретіндерді, «бәке-сәкелеп» жұмысқа кіретіндерді сынады», «СҚ-Фармация 192 дәрі тізімін жасады. Оларды 18 жасқа дейінгі балалар тегін алады».

1 842 просмотра

AZATTYQ.ORG  «HRW: Қазақстанда адам құқығының жағдайы өзгерген жоқ. Оппозицияны қудалау күшейді» - Қаңтардың 15-і күні Human Right Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі адам құқықтарының жай-күйіне арналған 2020 жылғы есебін жариялады. Ұйым 2018 жылдың соңынан 2019 жылдың қарашасына дейінгі кезеңде жүзден астам елдегі адам құқықтарының жағдайына талдау жасаған. Есепте Қазақстанда былтыр адам құқығы саласында айтарлықтай өзгеріс болмағаны, бейбіт шеруді күшпен тарату жалғасып, оппозицияны, кәсіподақ белсенділерін қудалау күшейгені, тәуелсіз журналистерге кедергі келтіру, қамаудағыларды азаптау тыйылмағаны, мүгедек балаларға білім беру жақсармағаны, тұрмыстық зорлық-зомбылық істерінің көбі жабық күйінде қалатыны айтылған.  

«"Ақымақ шалдар билігіне қарсылық". Ирандағы наразылар нені талап етеді?» - Иранның бірнеше қаласында және астанасында күн өткен сайын билікке наразылық күшейіп келеді. Қаңтардың 13-іне Тегеранда арнаулы қызмет халықты тарату үшін алғаш рет оқ атқаны белгілі болды.Соның салдарынан бірнеше адам жараланған. Теократиялық режимнің тұрақтылығына қауіп төнді ме? Иран билігі Батыспен тіресін жалғастыруға дайын ба?

«Қоғамдық тыңдауда Ленин атын өшіріп, ескерткішін сүріп тастауға шақырды» - Қарағандыдағы бірнеше көше атауын ауыстыруға қатысты дау жақын арада тоқтамайтынға ұқсайды. Қаладағы көше атауын ауыстыру мәселесі қаралған қоғамдық талқылауда жұрттың бір бөлігі советтік атауларды қолдаса, халықтың басым көпшілігі Ленин атауын өзгеріссіз қалдыруға келіспейтінін көрсетті. Жиында советтік көсемнің ескерткішін сүріп тастауға шақырғандар да табылды.

INFORMBURO.KZ. «СҚ-Фармация 192 дәрі тізімін жасады. Оларды 18 жасқа дейінгі балалар тегін алады» - Тегін дәрілер 5 жасқа дейінгі балаларға беріліп келсе, биылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар дәрімен тегін қамтамасыз етіледі.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Тоқаев «командамен» жүретіндерді, «бәке-сәкелеп» жұмысқа кіретіндерді сынады» - Президент Қазақстанға қоғам сұранысына жауап бере алатын басқарудың жаңа моделі керек екенін айтты.  

«”Бұл – тарихтың бетіне түкіру”: Алматыдағы әйгілі НКВД түрмесі көпжұлдызды қонақ үйге айналды» - Тарих жанашырлары Президентке хат дайындап жатыр.


15 қаңтар 2020, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.