AZATTYQ.ORG «"Қазақстандық клептократқа шашылған миллиондар". Халықаралық БАҚ "Қазақгейтті" еске салды» - Осы апта Батыс басылымдары жемқорлық төңірегіндегі “Қазақгейт” дау-дамайын еске салып, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барып бұл істі жауып тастауға тырысқаны туралы жазды. Трамп әкімшілігі заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін талқылап жатқан кезде дәл осы мақала шыққан. Бұл өзгерістерді журналистер “клептократтарға жасалған сыйлық” деп атады. Шетел баспасөзі сонымен бірге, Шыңжаңнан Қазақстанға қашқан қазақтардың ісі бойынша өткен сот процестері туралы жазды. Ақпарат құралдары “бұл істер Нұр-Сұлтанның бас ауруына айналды” деп санайды.
«Иранның ұшақ апатын мойнына алуы халықты шеруге шығарды» - Иран Тегеран маңына құлаған украиналық жолаушылар ұшағының жауапкершілігін мойнына алғаннан кейін қалаларда халық көшеге шығып, билікке қарсы ұрандады.
«Тоқаев Абайды айтса да, Назарбаевты сөзінен тастамайды» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл туғанына 175 жыл толатын қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мақаласында "өзгеріс керек деп байбалам салушыларды" мінесе, авторды сынаушылар "Биліктің өзі Абай айтқан жолмен жүрді ме?" деген сұрақ қояды.
«Иран құпия күштерінің отыз жылғы іс-әрекеті» - Қаңтардың 3-іне АҚШ-тың әуе шабуылынан Касем Сүлеймани қаза тапқаннан кейін бірнеше сағат өткенде Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи Ислам революциясы сақшыларының “Құдс” құпия күштерінің жаңа басшысы етіп Исмаил Қааниді тағайындады.
«"Ақ жол" партиясы парламенттегі оппозицияға айнала ала ма?» - Өзін «оппозициямыз» дейтін «Ақ жол» партиясы парламенттегі құқығын заңмен бекіткісі келеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр жыл соңында «заң шығарушы органда оппозиция керек» деген соң «Ақ жол» 2013 жылы әзірлеген заң жобасын қайта ұсынбақ.
«Еуразия экономикалық одағы: Қырғыз үкіметін алаңдатқан ережелер» - Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Қазақстанның шекара арқылы өтетін тауар мен жүкті қосымша тексеру туралы шешімін сынады. Қазақ үкіметі өз мүддесін қорғап отырғанын айтады.
QAZAQTIMES.COM. «Парақор прокурорға – 4 жыл, ал вице-министрге – бостандық» - БҚО Бөрлі аудандық соты экс-прокурор Қайрат Қайырмұхановке 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал әу баста «пара алды» деген күдікке ілінген вице-министр айыбын мойындағанына қарамастан, айыппұлмен құтылып кеткен.