Атырау, 18 желтоқсан 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты президент мақаласындағы 10 өзекті ой», «Тоқаевтың «саяси суициді»: Президент өзі уәде еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құра ала ма?​», «АҚШ vs Иран: Конфликт кульминациясы, жаһандық әсер және гипотеза».

3 924 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Тоқаевтың «саяси суициді»: Президент өзі уәде еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құра ала ма?» -  Өткен жылы күздің басында ел басшысы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын таныстырған еді. Бұл «азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратынын» айтқан президенттің сөзі мен ісінің теңдігі туралы қоғам пікірі әр алуан. Былтыр елдегі «қосбиліктік белгілері» немесе Тоқаевтың «ашылмаған мінез-әлеуеті» жайлы, оны «ермексаз», «бұрыштағы жиһаз» деп атаған тақырыпта көп сөз болды.

«АҚШ vs Иран: Конфликт кульминациясы, жаһандық әсер және гипотеза» - АҚШ пен Иран арасындағы даулы жағдай әлем назарын өзіне аударды. Ендігі кезекте екі ел байланысына ұзақ мерзімге сызат түсірген мәселенің түйіні қандай? Бұл жағдайға деген жаһандық әсер қай деңгейде? Саяси конфликт кульминациясы және ықтималдық деңгейі жоғары болған үшінші дүниежүзілік соғыс туралы гипотезаға зер салсақ.

«АҚШ Мем. департаменті: Қытай мүддесі Орта Шығыстың тұрақтылығымен қатысты» -  «Орта Шығыстағы тұрақтылық Қытайдың мүддесі үшін пайдалы». АҚШ Мемлекеттік департаменті алға тартқан бұл мәлімдеме бұған дейін АҚШ-Иран қайшылығы және оның Қытайға болған әсерлері туралы болжамдарды терістеп отыр.

AZATTYQ.ORG  «Канада премьері: Украина ұшағын Иранның зымыраны атып түсірген» - Канада премьер-министрі Джастин Трюдо 9 қаңтарда баспасөз мәслихатында "қолда бар дәлелдерге сүйене отырып", Тегеранда құлаған украиналық жолаушылар ұшағын "Иранның зымыраны атып түсірген" деп мәлімдеді. Оның пайымдауынша, ұшаққа ракета "абайсызда тиген".

«АҚШ-Иран арасындағы жағдай енді қалай өрбиді?» - Иран белгілі генерал Қасем Сүлейманидің өлімі үшін жауап берді. Кек қайтару әдісі ретінде Тегеран АҚШ-тың Ирактағы әскери нысандарын атқылады. Ары қарай не болады? Әлем Таяу Шығыстағы кең көлемді соғысқа таяды ма?

AZATTYQ-RUHY.KZ «Жүрек қалауы: Ұлыбритания ханзадасы ақыры патшалық ақшасынан бас тартты» - Гарри мен Меган Марклдің кезекті әрекеті әлем назарын тағы Британияға аударды   Қазақстан азаматтары ЭКО қызметіне тегін жүгіне алады» - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар жылына бір рет жасанды жолмен ұрықтандыру қызметіне тегін жүгіне алады. 

INFORMBURO.KZ. «"Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты президент мақаласындағы 10 өзекті ой» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласы жарық көрді. Оқырман назарына мақаладағы ең өзекті 10 ойды ұсынып отырмыз.


10 қаңтар 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.